Бастауыш сынып мұғалімдері арасында математика пәнінен олимпиад
2026 жылғы 28 ақпанда Шәкәрім университеті базасында «Математика және математиканы оқыту» әдістемесі саласының ардагер ұстазы Рахимбердинова Илия Мухамеджанқызының 85 жылдық мерейтойына арналған облыстық бастауыш сынып мұғалімдері арасында математика пәнінен олимпиада өткізілді. Олимпиаданың басты мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-әдістемелік құзыреттілігін арттыру, пәндік білім деңгейін анықтау және озық педагогикалық тәжірибені қолдау. Іс-шара Абай облысының білім басқармасы және