Сынып жетекшілерге арналған семинар өткізілді. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » Сынып жетекшілерге арналған семинар өткізілді.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

04
ноябрь
2021

Сынып жетекшілерге арналған семинар өткізілді.










Сынып жетекшілерге көмек ретінде 4 қараша күні "Тәрбие сағатын өткізудің тиімді тәсілдері" тақырыбында сынып жетекшілерге арналған семинар өткізілді. Сынып жетекші — тек адамзаттық құндылықтарға үйреніп қана қоймай, сонымен қатар әр баланың бойындағы бейімділігін, кәсіби икемділігін, табиғи мүмкіндіктерін ашып, сүйіспеншілік пен шәкіртіне үлкен сеніммен қарайтын жан. Тәрбие беру – өзгермелі өмір талабына жауап беруі тиіс. Бұған қоғамдық өмірге дербес шешім қабылдап, ойды саналы түрде түсінуге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелемейінше қол жеткізу мүмкін емес. Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты.

Сондықтан әр ұстаз жалықпай ізденеді, білім беруді, тәрбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндеті, айбынды мақсаты деп біледі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысының мақсатын саналы түсініп, оны жан-жақты талдап отыруға міндетті.

Бала тәрбиелеу – нағыз өнер, ал бұл өнердің бастауы – бала мектепке келетін  отбасыдан  басталады. Отбасыда  баланың  тұлғалық жеке қасиеттері, өзгелермен қарым–қатынасы, белгілі бір  мінез бен әдеттері қалыптасады.  Әрбір баланы тануға, оны  жақсы көріп,оның  қызығушылықтарын оятуға әрбір сынып жетекшіге тиісті.