16 қаңтар күні мектебімізде TED- Х конференциясы өтті. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » 16 қаңтар күні мектебімізде TED- Х конференциясы өтті.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

16
январь
2026

16 қаңтар күні мектебімізде TED- Х конференциясы өтті.

16 қаңтар  күні мектебімізде TED- Х  конференциясы өтті.  
TED- Х   негізгі мақсаты спикерде таратуға тұрарлық идеялардың болуы. Жақсы көңіл – күйде жан дүниең рухани ләззат алатын орта қалыптастыру. Бұл жолғы TED- Х  конференциясына 8 спикер қатысып, тыңдаушыларға өздерінің идеяларын ұсынды. Г.Нугымарова «Мектептегі менің әлемім- кішкентай театр», Ш.Нугсупанова «Алғашқы мұғалім -баланың әлемге ашқан терезесі», Қ.Айтқали « Бейнеойындар-оқыту құралы ретінде », А.Қасымханова «Байланысқа апарар жол: мұғалім тұлғасының 4Q моделі», Қ.Бәзілхан «ЕББҚ оқушыларға білім беруді жеңілдету», Ш.Амирова «Кроссенс әдісі», М.Залетаева «Дауысы өшкен бала және мұғалімнің бір ауыз сөзі», Г.Исбаева «Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда мұғалім басты тұлға», тақырыптарында өз идеяларын ұсынды.«Спикерлердің ортаға салған ойлары тыңдармандардың көңілінен шықты, көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше шабыт сыйлады. Ұстаздардың өз өмірлік тәжірибелерімен параллель жүргізіп, ойларын жетік білдіргені жақсы әсер қалдырды.Шара соңында тыңдаушылар қатысушылармен өзара ақпарат бөлісіп, өздеріне болашаққа қажетті бағыт алды
[media=https://www.instagram.com/reel/DTksojTiFIY/?igsh=eWNscHY4OXNsdnY4]
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее