«Қауіпсіз қоғам» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » «Қауіпсіз қоғам» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

17
февраль
2026

«Қауіпсіз қоғам» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

☀️«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және ақпан айының жоспарына сәйкес мектебімізде оқушылардың құқықтық сауаттылығын, қауіпсіздік мәдениетін және рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында бірқатар тәрбие сағаттары мен 10 минуттық қауіпсіздік сағаттары ұйымдастырылды. ✅1–4 сынып оқушыларына «Қауіпсіз қоғам» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Бастауыш сынып оқушыларына қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, мектептегі және үйдегі қауіпсіздік, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі сақтық шаралары түсіндірілді. Оқушыларға қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы мысалдар арқылы жеткізілді.✅5–8 сынып оқушыларына «Қауіпсіз қоғам: Жол белгілері және олардың мақсаты» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар жол қозғалысы ережелерімен, негізгі жол белгілерінің түрлерімен және олардың атқаратын қызметімен танысты. Сонымен қатар жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, велосипед және самокат қолдану кезіндегі сақтық шаралары талқыланды. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында бейнематериалдар көрсетіліп, сұрақ-жауап ұйымдастырылды.✅9–11 сынып оқушыларына «Имандылық – адамгершілік пен ізгіліктің тірегі» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Жоғары сынып оқушыларымен адамгершілік құндылықтар, адалдық, жауапкершілік, қоғам алдындағы парыз, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу мәселелері кеңінен талқыланды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасу жүргізді. Сонымен қатар барлық сыныптарда күнделікті «10 минут қауіпсіздік сағаттары» ұйымдастырылып, өрт қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі, интернеттегі қауіпсіздік, төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет алгоритмдері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

https://www.instagram.com/reel/DU3NUcCEnmB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​



Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее