18
февраль
2026
18 ақпан күні 8-сынып оқушылары үшін Қазақстан тарихы пәнінен «Ахмет Байтұрсынұлы - ұлт ұстазы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
18 ақпан күні 8-сынып оқушылары үшін Қазақстан тарихы пәнінен «Ахмет Байтұрсынұлы - ұлт ұстазы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты - оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының қазақ ұлтының ағартушылық қызметін түсіндіру және оның тіл, әдебиет пен білім саласындағы тарихи маңызын талдау болды. Зерттеу барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының алфавит реформасы, оқулықтары және ұлттық баспасөздегі рөлін қарастырды.
Сабақ ұйымдастыру кезеңінен басталып, үй тапсырмасы «Жылдам ой» әдісі арқылы тексерілді. Жаңа сабақта зерттеу талдау бөлімі бойынша сынып 3 топқа бөлінді. Топтар «Шолу оқу» әдісі арқылы мәтіндерді талдап, өз жұмыстарын қорғады. Сонымен қатар, басқа топтармен кері байланыс жасап, пікір алмасты. Жеке жұмыс берілген ақпараттар негізінде өз ойларын “ПТМС” әдісі арқылы дәлелдеді.
Сабақ соңында “Бұл сабақ сенің ұлт тарихына, тілге, білімге деген көзқарасыңа қалай әсер етті?” деген сұрақ аясында оқушылар өз ойларын білдіріп, кері байланыс берді. Сабақ оқушылардың зерттеу, талдау және топтық коммуникация дағдыларын дамытуға бағытталды.
Пән мұғалімі: А.Т.Тубекбаева.
https://www.instagram.com/reel/DU6AYlxkuk6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==