17
февраль
2026
10 «Б» сыныбында «Хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық аурулары» тақырыбында зерттеу сабағы өткізілді.
17 ақпан күні 10 «Б» сыныбында «Хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық аурулары» тақырыбында зерттеу сабағы өткізілді.
Сабақтың мақсаты – тұқым қуалайтын хромосомалық ауруларды зерттеу, аутосомды және жыныстық хромосомалық бұзылыстарды салыстыру, олардың пайда болу себептері мен ерекшеліктерін түсіндіру.
Сабақ басында оқушылармен амандасу, түгендеу жүргізіліп, Classroom Screen бағдарламасы арқылы 4 топқа бөлінді. Топтар Даун синдромы, Шершевский–Тернер синдромы, Клайнфельтер синдромы және Эдвардс синдромы бойынша жұмыс жасады.
Үй тапсырмасы «Сиқырлы кітап» әдісі арқылы тексерілді.
Жаңа тақырып «Миға шабуыл» әдісі арқылы ашылып, оқушылар синдром белгілері бейнеленген суреттерге қарап өз ойларын білдірді. QR сілтеме арқылы презентация және таратпа материалдар ұсынылды.
Топтық жұмыс барысында әр топ өздеріне берілген хромосомалық ауруға сипаттама беріп, себебін және оған тән ерекшеліктерді анықтап, постер қорғады. Постерлер мазмұнының толықтығы, құрылымы және қорғау шеберлігі бойынша бағаланды.
Сабақты бекіту кезеңінде Tarsia Maker платформасы қолданылып, оқушылар пазл құрастыру арқылы синдром белгілерін сәйкестендірді. Кейін оқушылар тақырып бойынша тест тапсырмаларын Wayground платформасында жеке орындап, жұппен тексерді.
Сабақ соңында кері байланыс Mektep AI платформасы арқылы жүргізіліп, оқушылар өз пікірлерін білдірді, бағалау жасалып, үй тапсырмасы берілді.
Биология пән мұғалімі: Қасымханова С.Ж.
https://www.instagram.com/reel/DU3KYIxkhB0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==