18
февраль
2026
18.02.2026 күні 9 «Б» сыныбында физика пәнінен "Lesson study" технологиясы бойынша зерттеу сабағы өтті.
Тақырыбы: «Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау». Сабақтың мақсаты: математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін есептеу, алынған мәнді нақты мәнмен салыстыру; Психологиялық ахуал тудыру үшін жасанды интеллекті арқылы жасалынған мұғалімнің тілегін тыңдады. "Миға шабуыл" әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталауда "Жауабы қандай" тапсырмасы орындалды. Балалар өз ойларын айтып, сұрақтарға жауап берді. Үй тапсырмасын “Wordwall”платформасы бойынша сұралды. Сабақ барысында оқушылар керекті приборлармен зертханалық жұмысты жасады, есептеді, қорытынды жазды. Балалар зертханалық жұмысты қызыға орындады, кесте сызды. Сабақты бекіту мақсатында “Wordwoll” платформасы арқылы сәкестендіру тапсырмасын орындады. Зерттеу сабағанына топ мүшелері қатысып, фокус оқушылар зертелді. Балалар өздерін бағалау парағына әр тапсырма сайын бағалап отырды. Сабақ соңында балалар бағаланды. Сауалнама жүргізілді.
Пән мұғалімі: Узбекова Б.Х.
https://www.instagram.com/reel/DU8gUBVCOYx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Пән мұғалімі: Узбекова Б.Х.
https://www.instagram.com/reel/DU8gUBVCOYx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==


