«Қауіпсіз орта – бала өмірінің кепілі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » «Қауіпсіз орта – бала өмірінің кепілі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

19
февраль
2026

«Қауіпсіз орта – бала өмірінің кепілі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

19.02 күні мектебімізде сынып жетекшілеріне арналған «Қауіпсіз орта – бала өмірінің кепілі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинардың мақсаты – білім беру ұйымында физикалық, психологиялық және цифрлық қауіпсіз ортаны қалыптастыру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Іс-шара барысында қатысушылар қауіпсіз ортаның негізгі бағыттарымен танысып, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу жолдарын талқылады.Практикалық бөлімде педагогтер үш топқа бөлініп, «Қауіп картасы», «Жағдаяттық тапсырма» және «Қауіпсіз сынып моделі» бойынша постерлер қорғады. Әр топ нақты мектеп тәжірибесіне сүйене отырып, қауіптің алдын алу, тәуекел аймақтарын анықтау және сынып жетекшінің әрекет алгоритмін ұсынды. Семинар қорытындысында қатысушылар сынып жетекшінің нақты әрекет алгоритмін құрастырып, өз тәжірибелерінде қолдануға қажетті тиімді әдіс-тәсілдермен толықтырды. Іс-шара мазмұнды, тәжірибеге бағытталған түрде өтіп, педагогтер тарапынан оң кері байланыс алды.

Қауіпсіз орта – әр баланың бақытты болашағының негізі!

#Адал_азамат_Абай_облысы_-Семей
#АПКО_Абай_облысы_Семей
#Улттык_ сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Семей
#Бірлікженеынтымакжобась_Абай _облысы_ Семей

https://www.instagram.com/p/DU-UlPVCHcT/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее