Аумақтық қорғаныс бригадасы өкілдері » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » Аумақтық қорғаныс бригадасы өкілдері

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

23
февраль
2026

Аумақтық қорғаныс бригадасы өкілдері

Бүгін Аумақтық қорғаныс бригадасы өкілдері №3 жалпы орта білім беретін мектебі КММ-нің 10–11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында жоғары әскери оқу орындарына түсу бойынша үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға әскери мамандықтың артықшылықтары, әскери жоғары оқу орындарына қабылдау талаптары, ҰБТ нәтижелері, денсаулық және дене даярлығына қойылатын талаптар туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, әскери қызметтің жауапкершілігі, тәртіп пен патриоттық тәрбиенің маңыздылығы атап өтілді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әскери оқу орындарындағы білім беру жүйесі мен болашақтағы қызмет мүмкіндіктері туралы нақты мәліметтер алды.

#Адал_азамат_Абай_облысы_-Семей
#АПКО_Абай_облысы_Семей
#Улттык_ сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Семей
#Бірлікженеынтымакжобась_Абай _облысы_ Семей

https://www.instagram.com/p/DVGVLNNiMgV/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​