8«А» сыныбында «Көміртек және оның жалпы сипаттамасы» тақырыбында зерттеу сабағы өткізілді. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » 8«А» сыныбында «Көміртек және оның жалпы сипаттамасы» тақырыбында зерттеу сабағы өткізілді.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

07
апрель
2026

8«А» сыныбында «Көміртек және оның жалпы сипаттамасы» тақырыбында зерттеу сабағы өткізілді.

07.04.2026 ж. “Баршаға әрі жекеге арналған мектеп” жобасы аясында химия пәнінен 8«А» сыныбында
«Көміртек және оның жалпы сипаттамасы» тақырыбында зерттеу сабағы өткізілді.
Сабақтың басында оқушылар үш топқа бөлінді.
Жаңа тақырып бойынша түсіндірме жұмысы жүргізіліп, оқушылар топтық жұмыс барысында постер дайындап, қорғады. Сабақ ортасында оқушылар топпен кітапта көрсетілген В-деңгейінің 1-ші есебін шығарып, тақтаға басқа топ мүшелеріне есептің шығу барысын түсіндіріп көрсетіп берді. Оқушыларға бекіту тапсырмасы ретінде Ворд Волл платформасындағы “Кездейсоқ дөңгелек” әдісі арқылы сұрақтарға жеке жеке жауап беріп сабақты бекітті.
Сабақ соңында оқушылар бағаланып, үй тапсырмасы берілді. Рефлексия кезеңінде «Білім Класс» әдісі арқылы оқушылар кері байланыс берді.
Зерттеу сабағына Lesson Study тобының барлық мүшелері толық қатысып, фокус оқушылар бақыланды.
Пән мұғалімі: Бәзілхан Қ.Б.

https://www.instagram.com/reel/DW1VsJ1iFM_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​