11
апрель
2026
Кинопедагогика жобасы аясындағы тағылымды кино көрсетілім.
🎬 2026 жылғы 11 сәуір күні мектебімізде Кинопедагогика жобасы аясында 6-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына Wonder («Чудо») фильмі көрсетілді. Бұл шара білім алушылар мен ата-аналар арасындағы рухани байланысты нығайтуға және тәрбиелік мәні жоғары орта қалыптастыруға бағытталды.
🎯Кино көрсетілімнің негізгі мақсаты – оқушылардың бойында мейірімділік, адамгершілік, төзімділік сияқты асыл қасиеттерді қалыптастыру, ерекше жандарға деген құрмет пен түсіністікті арттыру, сондай-ақ буллингтің алдын алу. Фильм желісі арқылы балалар өзгелердің сыртқы келбетіне емес, ішкі жан дүниесіне мән беру керектігін түсінді.
Ата-аналар үшін бұл көрсетілімнің маңызы зор болды. Олар баланың психологиялық жағдайын түсінуге, қиындықтарға қалай қолдау көрсету керектігін ұғынуға мүмкіндік алды. Бірлескен көру барысында ата-ана мен бала арасында ашық диалог орнап, тәрбиелік әңгімелер жүргізілді.
💫Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар оқушылардың тұлғалық дамуына оң әсерін тигізіп, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты одан әрі нығайта түседі.
https://www.instagram.com/reel/DXEiMk1Et_S/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==