02
сентябрь
2026
1 қыркүйек – жаңа оқу жылының бастауы
🎓✨ БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! ✨🎓
1 қыркүйек – жаңа оқу жылының бастауы, жаңа арман мен биік мақсаттарға бастар алғашқы қадам! 📚
Білім күніне орай мектебімізде «Қазақстан Республикасының Конституциясы: адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті. 🇰🇿
Салтанатты жиынға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, ата-аналар және құрметті қонақтар қатысты.
🌟 Құрметті қонақтарымыз:
▫️ Қалелов Темірлан Шалқарұлы – Абай облысының білім басқармасы басшысының орынбасары;
▫️ Садмет Ақбота Азатқызы – «Samruk-Kazyna Trust» КФ жобалық басқару департаменті директорының міндетін атқарушы;
▫️ Жумадилов Жарқын Тусупбекович – Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы;
▫️ Нуралдинов Айдын Тлектесович – Семей қаласы білім бөлімінің басшысы.
🔔 Алғашқы қоңырауды соғу құрметі 1-сынып бүлдіршіндері мен 11-сынып түлектеріне берілді. Бұл – білім жолындағы алғашқы қадам мен үлкен өмірге бастар жолдың символы.
💐 Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерімізге ақ жол, ұстаздарға шығармашылық табыс, ата-аналарға қуаныш, ал барлық оқушыларымызға жаңа оқу жылында толағай жетістіктер тілейміз!
Жаңа оқу жылы құтты болсын! Білім биігін бірге бағындырайық! 🇰🇿📖✨
https://www.instagram.com/reel/Dcx6p8boDJQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==