Ақпарат » Страница 126 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

Апта жобасы "Алғыс себеті" мектебімізде үшінші рет ұйымдастырылып жатыр.
11
декабрь
2023
Апта жобасы "Алғыс себеті" мектебімізде үшінші рет ұйымдастырылып
Апта жобасы "Алғыс себеті" мектебімізде үшінші рет ұйымдастырылып жатыр.  Жаныңда жүр жақсы адым!! 💐💐💐💐💐💐 Мектеп оқушылары ұстаздар қауымына, мектеп ұжымы мен асхана апайларына, тазалықты қадағалап, мектепті айнадай қылып ұстайтын жандарға, қауіпсіздікті алға қоятын ағаларына алғыстарын білдіріп, тәттілерін ұсынды. Мақсаты: ұжымның көңіл –күйін көтеру еді. Осылайша, мектеп ұжымының бір-біріне сыйластығы артып, кішіпейілділігі ұлғайады.
Кішіпейілділік, қарапайымдылық адамның барлық іс-әрекетінен, қимыл-қозғалысынан, өзін ұстауынан, мінез-құлқынан, тәртібінен, сөзінен, киген киімінен де аңғарылып тұрады.
11
декабрь
2023
Кішіпейілділік, қарапайымдылық адамның барлық іс-әрекетінен,
Кішіпейілділік, қарапайымдылық адамның барлық іс-әрекетінен, қимыл-қозғалысынан, өзін ұстауынан, мінез-құлқынан, тәртібінен, сөзінен, киген киімінен де аңғарылып тұрады. Кішіпейілділік өзге адамдарды сыйлаудан, олармен қарым-қатынас жасаудағы қарапайымдылықтан, өзінің қызметін дабырлатып марапаттамаудан көрінеді. Ондай адамның сөзі ұстамды келеді. Өзінің сезімін басқаларға білдіруге асықпайды. Қарым-қатынаста тұрақтылық басым болып, аумалы-төкпелілікке жол бермейді. Бірақ мұның бәрі қандай
«Баршаға  әрі жекеге арналған мектеп» жобасы аясында Lesson Study технологиясымен 8  «А» сыныбында алгебра пәнінен зерттеу сабағы өтті.
11
декабрь
2023
«Баршаға әрі жекеге арналған мектеп» жобасы аясында Lesson Study
«Баршаға  әрі жекеге арналған мектеп» жобасы аясында Lesson Study технологиясымен 8  «А» сыныбында алгебра пәнінен зерттеу сабағы өтті. Тақырыбы: «Квадрат теңдеулерді шешу». Мақсаты: квадрат теңдеу ұғымын білу; квадрат теңдеудің формулаларын білу; формулаларды қолданып есептер шығару. Сабақ барысында «Шаттық шеңбері» арқылы оқушылар жылы лебіздерін білдіріп, психологиялық ахуал орнатылды. «Мозайка» әдісі арқылы  3 топқа бөлінді, топ басшылары сайланды.«Мен досыма сенемін» әдісімен үй тапсырмасы
16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ» тақырыбында 1-11 сыныптарға сынып сағаты өтті.
11
декабрь
2023
16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан – біртұтас
16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ» тақырыбында 1-11 сыныптарға сынып сағаты өтті. Мақсаты: 1. Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. 2.Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Оқушы бойында саналы тәртіп,сапалы білім алуға дұрыс көзқарас
Физикалық эксперимент – оқытудың ең нәтижелі, әсерлі әдістерінің бірі болып есептелінеді
08
декабрь
2023
Физикалық эксперимент – оқытудың ең нәтижелі, әсерлі әдістерінің бірі
Физикалық эксперимент – оқытудың ең нәтижелі, әсерлі әдістерінің бірі болып есептелінеді. Ұйымдастыру формасына қарай физикадағы оқу экспериментін төмендегідей етіп бөліп қарастыруға болады: зертханалық, көрсетілім, физикалық практикум, практикалық жұмыстар, есептер, сыныптан тыс жүргізілетін тәжірибелер. Мектебімізде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында STEM лабораториясының мүмкіндіктері қолданылуда, яғни бұл оқушылардың сыни ойлау мен проблемаларды шешу
“Тарих, география, биология, химия” апталығына орай бүгінгі үйірме жұмысы жаңаша форматта мектеп оқушыларына ортақ өткізілді.
08
декабрь
2023
“Тарих, география, биология, химия” апталығына орай бүгінгі үйірме
Желтоқсанның сегізінші жұлдызындағы химмялық үйірменің жұмысы. “Тарих, география, биология, химия” апталығына орай бүгінгі үйірме жұмысы жаңаша форматта мектеп оқушыларына ортақ өткізілді. Бүгінгі күнге жоспарланған жұмыс бойынша “Үй жағдайындағы заттармен” қарапайым эксперименттер орындалды. Бірінші экспермент “Сутегі тотығының калий перманганатымен әрекеттесуі”  Екінші эксперимент “Сірке қышқылының натрий гидрокарбонатымен әрекеттесуі” болды. Екі экспериментте оқушылар қызыға, белсене қатысты
️08.12.2023 ж. "Тарих,  география,  биология және химия " апталығы аясында  5-6-сыныптар арасында "Мен- елімнің ертеңгісін!" Атты көңілді ойындар ұйымдастырылды.
08
декабрь
2023
️08.12.2023 ж. "Тарих, география, биология және химия " апталығы
🔸️08.12.2023 ж. "Тарих,  география,  биология және химия " апталығы аясында  5-6-сыныптар арасында "Мен- елімнің ертеңгісін!" Атты көңілді ойындар ұйымдастырылды.  🔸️Мақсаты: Оқушылардың спорттық ойындарға деген бейімділіктерін, қызығушылықтарын арттыру, дене қозғалыстарын жетілдіру,  ойын кезінде әділдікке, топпен жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдай білуге, ұйымшылдыққа  тәрбиелеу.  🔸️Ұйымдастыру кезеңі: - Оқушыларды сапқа тұрғызу; - Оқушыларға жарыс ережелерін таныстыру; - Топқа бөлу. 🔸️ Ойынның
«Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың!» атты тарих, география, биология және химия пәндерінің апталығы жоспары бойынша 08.12.2023 ж. "Жаңа заман ұстазы" атты коучинг өтті.
08
декабрь
2023
«Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың!» атты
«Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың!» атты тарих, география, биология және химия пәндерінің апталығы жоспары бойынша 08.12.2023 ж. "Жаңа заман ұстазы" атты коучинг өтті.  🔹Көңілді әуенмен тренинг «Сәлемдесу»,  🔹Топқа бөлу: "Капитан, юнга, боцман көңілді биімен коучингке қатысушылар 3 топқа бөлінді.  🔹«Ой қозғау» «Жарық құмыра» бейнебаян бойынша өз ойларын ортаға салды.   🔹 "Нағыз ұстаз модельін" 3 топ Нағыз ұстаз оқушы, мұғалім, ата-ана көзімен деген тақырыптарда постер
«Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың!» атты тарих, география, биология және химия пәндерінің апталығы жоспары бойынша   08.12.2023 ж. үзілісте "Қызықты үзіліс" ойыны Жұмыртқа аршу әдісімен ойнатылды.
08
декабрь
2023
«Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың!» атты
«Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың!» атты тарих, география, биология және химия пәндерінің апталығы жоспары бойынша   08.12.2023 ж. үзілісте "Қызықты үзіліс" ойыны Жұмыртқа аршу әдісімен ойнатылды. Ойынның мақсаты:  оқушылардың биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, пәндік құзыреттіліктерін  дамыту. Жұмыртқада жасырынған сұрақтарға оқушылар қызығушылықпен жауап берді.  Ойынға 9-11 ші сынып оқушылары қатысты. Ойын қызықты өтті. Жеңімпаздар тәттілермен
“Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне” орай “Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбиелеу” атты мектепішілік іс шара өткізілді.
08
декабрь
2023
“Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне” орай
 “Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне” орай “Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбиелеу” атты мектепішілік іс шара өткізілді. Мақсаты:  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін қалыптастыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаның  еркін сөйлеуіне, еліне, жеріне  деген өз ой - пікірлерімен бөлісуге жағдай жасау, өз еліне  адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.