Ақпарат » Страница 194 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

"Ел бірлігі- татулықтың тірегі" атты кітап көрмесі
27
апрель
2022
"Ел бірлігі- татулықтың тірегі" атты кітап көрмесі
Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстар еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешуде. Кең байтақ еліміз Қазақстан алуан ұлтты бауырына басқан, бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі еткен, достық пен ынтымақ елі. 1 мамыр Бірлік, татулық күніне орай мектеп кітапханасы "Ел бірлігі- татулықтың тірегі" атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
"Түлкі мен Тырна" ертегісі
27
апрель
2022
"Түлкі мен Тырна" ертегісі
Кітаптар апталығы бойынша "Ертегілер әлемі" тақрыбында бейнебаян түсірген 5"а" сынып оқушысы Нияз Жанель. "Түлкі мен Тырна" ертегісін ұсынады. ​https://youtube.com/shorts/hd71efwutEs?feature=share​​​
"Кітапханадағы театр" сағаты өтті
25
апрель
2022
"Кітапханадағы театр" сағаты өтті
23 сәуір Кітаптар мерекесіне орай " №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені"КММнің кітапханасында ертегі желісін сахналау бойынша "Кітапханадағы театр" сағаты өтті.Мақсаты: Кейіпкердің іс - әрекетін қайталап ойнау арқылы оқырмандардың кітапқа қызығушылығын арттыру. 6-7 сынып оқушыларының қатысуымен сахналанған балалар жазушысы Корней Чуковскидің "Доктор Айболит" ертегісін 3"а" сынып оқушылары тамашалады. Нәтижесінде оқушылардың қызығушылығы артып ертегінің түпнұсқасы жазылған кітапты оқуға
"Ынтымағы жарасқан, көпұлтты Қазақстан!" тақырыбында сынып сағаты
25
апрель
2022
"Ынтымағы жарасқан, көпұлтты Қазақстан!" тақырыбында сынып сағаты
1 -11 сынып оқушыларына "Ынтымағы жарасқан, көпұлтты Қазақстан!" тақырыбында 1 мамыр мерекесіне арналған сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: 1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін балаларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
2-7 сыныптар арасында зерттеу және шығармашылық жобалар сайысы
23
апрель
2022
2-7 сыныптар арасында зерттеу және шығармашылық жобалар сайысы
23 с әуір күні 2-7 сыныптар арасында зерттеу және шығармашылық жобалар сайысы өткізілді. Шараның негізгі мақсаты: келесі оқу жылында қалалық сайысқа ұсынылатын жобалардың дайындығын саралап, ұсыныстар беру, жетілдіру болды. Қатысушылар түрлі бағыттарды таңдаған. Тіл білімі, этномәдениет, жаратылыстану, экология, медицина, валеология, психология, қолданбалы математика, информатика, тарих, технология бағыттары бойынша 32 жұмыс ұсынылды. Тәжірибелі ұстаздар, әдістемелік бірлестік жетекшілерінен
11 сыныптарға арналған кітапханалық сабақ  жүргізілді
23
апрель
2022
11 сыныптарға арналған кітапханалық сабақ жүргізілді
23 сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне байланысты" №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені" кітапханасында 11 сыныптарға арналған кітапханалық сабақ  жүргізілді. Сабақтың мақсаты: тұжырым жасай білу дағдыларын дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой- өрісін, шығармашылық қабілетін шыңдау. "Өмір сүрудің ең жақсы жолы" атты әңгімені оқыған оқушылар өз ой- пікірлерімен бөлісті.
"Кітап оқып, рухани бай бол" тақырыбымен 6-8 сыныптар арасында READx - оқу конференциясы өтті
22
апрель
2022
"Кітап оқып, рухани бай бол" тақырыбымен 6-8 сыныптар арасында READx
" №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені"КММнің кітапханасы ұйымдастырған 23 сәуір Кітаптар мерекесіне орай "Білім кілті - кітапхана" апталығы өтуде. Апталық аясында "Кітап оқып, рухани бай бол" тақырыбымен 6-8 сыныптар арасында READx - оқу конференциясы өтті. Оқу конференциясының мақсаты: оқырманның кітап оқудағы ойлау қабілетін  дамыту. Шешендік қабілетін арттыру.
"Судағы қауіпсіздік ережелер" тақырыбында онлайн сабақ
22
апрель
2022
"Судағы қауіпсіздік ережелер" тақырыбында онлайн сабақ
22.04.2022 жылы. Қалалық ТЖМ ұйымдастыруымен "Судағы қауіпсіздік ережелер" тақырыбында қашықтықтан 5-7 сынып оқушыларына сабақ өткізілді. Мақсаты: Жаз мезгілінде табиғат апаты болғанда адам өміріне қауіпті жағдайда өз өмірін сақтап қалуға және қасындағы адамдарға көмек көрсете білуге, жанашырлық пен табандылыққа тәрбиелеу;
А.Байтұрсыновтың "40 мысал" кітабындағы мысалдарды жатқа және мәнерлеп айтудан сайыс өтті
22
апрель
2022
А.Байтұрсыновтың "40 мысал" кітабындағы мысалдарды жатқа және
23 сәуір Кітаптар мерекесіне байланысты "Білім кілті -кітапхана" апталығы аясында " №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені" кітапханасы ұйымдастыруымен А.Байтұрсыновтың "40 мысал" кітабындағы мысалдарды жатқа және мәнерлеп айтудан сайыс өтті.5-8 сыныптар аралығында өткен сайыстың мақсаты: мысалдарды оқу арқылы, тәрбиелік мәнін түсіну.