Біз туралы » Страница 72 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

🌳«Жасыл мекен формуласы - 2023»
23
октябрь
2023
🌳«Жасыл мекен формуласы - 2023»
✒️Абай облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен білім беру мекемелері арасында ұйымдастырылған «Жасыл желек формуласы - 2023» байқауына "№3 ЖОББМ" КММ ұжымы да қатысқан болатын. Байқаудың мақсаты – оқушылардың экологиялық білім деңгейін арттыру, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, сонымен қатар табиғат ресурстарына ұқыпты көзқарасын қалыптастыру, аумақтың сыртқы келбетін жақсарту, аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру мәселелерін шешуге білім беру мекемесінің қызметкерлері мен оқушыларын
«AQYL BATTLE CUP » республикалық зияткерлік сайысы
20
октябрь
2023
«AQYL BATTLE CUP » республикалық зияткерлік сайысы
«AQYL BATTLE CUP  » республикалық зияткерлік сайысына мектебіміздің математика пәні мұғалімі  Қалиев Ерзат Ерланұлы қатысып, іріктеу кезеңдерінің жеңімпазы атанды. Ойында өзінің білімі мен шапшаңдығын көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Мектеп ұжымы сізді қолдап, мақтан тұтады. Алда шығар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын! Жарайсыз! 
Педагог- жазушы Спандияр Көбеевтің туған күніне орай  “Поэзия әлемі” клубы ақынның өмір жолымен қатар шығармашылығынан өлеңдерімен танысып талдау жұмыстары
19
октябрь
2023
Педагог- жазушы Спандияр Көбеевтің туған күніне орай “Поэзия әлемі”
Абай, Ыбырай салған ағартушы-демократтық үлгідегі педагог- жазушы Спандияр Көбеевтің туған күніне орай  “Поэзия әлемі” клубы ақынның өмір жолымен қатар шығармашылығынан өлеңдерімен танысып талдау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында Төлегенова Айзере “Қауіпті достар” өлеңін оқыды, Даибекова Надия мен Касенова Еркежан Спандияр Көбеевтің  шығармашылығы бойынша қысқаша мағлұмат берді.
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасы
18
октябрь
2023
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасы
Жас мамандардың шығармашылық әлеуетін, өзін-өзі дамытуы мен  белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының  облыстық кезеңі өтті. Олимпиадаға мектебіміздің педагог-  психологі Шарипханова Айгерим Ерлановна қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жас ұстазымызды тамаша жетістігімен құттықтаймыз! Шығармашылығың шыңдалып, биіктерді бағындыра беріңіз.Жарайсыз!
16 қазан күні "3 жалпы орта білім беретін  мектебі " КММ де 2 - сыныптар арасында "Квест" ойыны өтті.
16
октябрь
2023
16 қазан күні "3 жалпы орта білім беретін мектебі " КММ де 2 -
16 қазан күні "3 жалпы орта білім беретін  мектебі " КММ де 2 - сыныптар арасында "Квест" ойыны өтті.Ойынға 3 - топ қатысты.1- топ "Жалын",2- топ " Болашақ",3- топ "Достық" .Ойын басында "Додокаэдр" әдісі арқылы психологиялық ахуал қалыптастырылды. Ойын  4 аялдамадан тұрды. 1- аялдама  " Жасырын сурет", 2- аялдама " Желаяқ", 3- аялдама "Білім жеделсатысы",4- аялдама "Жылан ойыны".Қатысушылардың барлығы өздерінің тапқырлығын ,шеберлі гін көрсете білді.Ойын соңында мақтау қағаздарымен 
Қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы Сәкен Сейфуллиннің туған күні!
11
октябрь
2023
Қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы Сәкен Сейфуллиннің туған күні!
15 қазан Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы Сәкен Сейфуллиннің туған күні!  Саналы ғана ғұмырында Сәкен Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды. Небәрі 44 жыл өмірінде бір ғасыр толыққанды өмір сүрген адамның ісін атқарып, артында өшпес із қалдырған қазақтың біртуар перзенті. Сонымен қатар Сәкен қазақ әдебиетін жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан, қоғамдық ой мен әдеби-мәдени тарихымызда ерекше орын алатын  тұлға,
Апталық сәрсенбі күнінде мотивациялық челлендж аясында
11
октябрь
2023
Апталық сәрсенбі күнінде мотивациялық челлендж аясында
11.10.2023 ж. апталық сәрсенбі күнінде мотивациялық челлендж аясында мектеп ұстаздарының көңіл-күйін көтеру және сергіту мақсатында ойындар жүргізілді. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші бүгінгі өткізілген ойындар тепе-теңдікті сақтауға, бір-біріне көмек көрсетуге және  қолдауға арналған. Ойындарға мұғалімдер белсене қатысып шықты. Бұл ойындарды жүргізудің басты мақсаты ұжымдық қарым-қатынасты нығайту.
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының  қалалық кезеңі өтті
10
октябрь
2023
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының
Жас мамандардың шығармашылық әлеуетін, өзін-өзі дамытуы мен  белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының  қалалық кезеңі өтті. Олимпиадаға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Аманбердина Еркежан Бауыржанқызы қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.Мектеп психологі Шарипханова Айгерим Ерлановна І орынды иеленіп, олимпиданың облыстық кезеңіне жолдама алды.Жас ұстаздарымызды тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз!
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жоспарға сәйкес жүргізілген танымдық процесстерін диагностикалау.
04
октябрь
2023
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жоспарға сәйкес
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жоспарға сәйкес жүргізілген танымдық процесстерін диагностикалау. Оқушылардың есте сақтау, жылдам ойлау, қабылдау, зейін қою сияқты танымдық процестерінің дамуы диагностикалау әдістемелері алынды.
Мотивациялық челлендж аясында
04
октябрь
2023
Мотивациялық челлендж аясында
04.10.2023ж аптаның сәрсенбі күнінде  мотивациялық челлендж аясында мектеп ұстаздарының көңіл-күйін көтеру,сергіту және де ұжымдық қарым-қатынасты нығайту мақсатында "Көңілді  би","Жалғасын тап","Қағаз адам" ойындары өткізілді.Мектеп ұстаздары белсене қатысып, тамаша көңіл-күймен қайтты.