Оқуға құштар мектеп » Страница 12 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

Шебер ұстаз – жаңашыл білімнің көшбасшысы
06
октябрь
2025
Шебер ұстаз – жаңашыл білімнің көшбасшысы
Шебер ұстаз – жаңашыл білімнің көшбасшысы 🌟 Білім мен тәрбие – егіз ұғым. Ал сол егіздің жүрегінде ұстаздың шеберлігі мен жаңашылдығы жатыр. Шебер ұстаз – шәкірттің бойындағы отты маздататын, заман талабына сай ойлап, әрекет ететін тұлға. Ол – білімді де білікті, рухты да жаңашыл ұстаз! 📚 Қай кезде де жаңашыл ұстаз – өзгерістерге жол ашушы, шәкірт жүрегіне нұр сепкен, қоғамның дамуына үлес қосқан нағыз көшбасшы. Ұстаз еңбегі – мәңгілік! 💫 Білімге бағыт беріп, болашаққа жол сілтеген әр ұстазға
Тәрбие тамыры – отбасында, жемісі – мектепте.
03
октябрь
2025
Тәрбие тамыры – отбасында, жемісі – мектепте.
🌿 Тәрбие тамыры – отбасында, жемісі – мектепте. 🍎 Отбасы – баланың алғашқы ұстазы, ал мектеп – сол тәрбиенің жалғасы. Бірлігі жарасқан ортада ғана тұлға қалыптасады. 💫
“Ұстаз- ұлт шамшырағы”  атты мерекелік концерт
03
октябрь
2025
“Ұстаз- ұлт шамшырағы” атты мерекелік концерт
Ұстаздар күніне орай мектебімізде ұстаз еңбегін дәріптеу мақсатында “Ұстаз- ұлт шамшырағы”  атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелі іс - шараға ардагер ұстаздарымыз шақырылып, жас буынға өз жылы лебіздерін білдірді. Концерт барысында оқушылар ұстаздарына деген ыстық ықыластарын білдіріп, мерекелік көңіл - күй сыйлады. Бұл мерекелік шара -ұрпақ тәрбиесіндегі ұстаз еңбегінің ерекше екенін паш етіп, ұстаздар қауымына деген құрметті арттыра түсті. Барша ұстаздарға денсаулық, еңбектеріне
“Ұстаз- ұлт шамшырағы” мерекелік іс-шара жоспарына сәйкес, мектебімізде 3 қазан күні «Дублер күні» өткізілді.
03
октябрь
2025
“Ұстаз- ұлт шамшырағы” мерекелік іс-шара жоспарына сәйкес,
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, “Ұстаз- ұлт шамшырағы” мерекелік іс-шара жоспарына сәйкес, мектебімізде 3 қазан күні «Дублер күні» өткізілді. Мақсаты:  Мектептегі өзін –өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру. «Дублер күнін» өткізу туралы  бұйрық шығарылып, бастамашыл топ құрылды. Мектеп парламентінің бастамашыл топ ұжымына Дублер күнінің штаттық кестесі таныстырылды. Әр пән бойынша
Қазақстан халқы тілдері онкүндігінің жабылу өтті
02
октябрь
2025
Қазақстан халқы тілдері онкүндігінің жабылу өтті
2 қазан күні Қазақстан халқы тілдері онкүндігінің жабылу өтті. Мақсаты: онкүндікке белсенділік танытқан,іс-шаралардың өтуіне өз үлестерін қосқан оқушыларды марапаттап,жігерлендіру. Әсем әуен,тәтті күйдің ырғағымен оқушылар марапатталып,қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінде қолдануға болатын бір реттік купондар сыйға тартылды.
Жиембет жырау “Енсегей бойлы Ер Есім”
02
октябрь
2025
Жиембет жырау “Енсегей бойлы Ер Есім”
2 Қазан «Сөз өнерінің сиқырлы әлемі» атты қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы аясында 7 А сыныбымен ашық сабақ өткізілді. Пәні: Қазақ әдебиеті. Тақырып: Жиембет жырау “Енсегей бойлы Ер Есім” Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде  ЖИ арқылы Жиембет жыраудың сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын таныстырумен басталды. Өткен сабақты еске түсіру мақсатында “Апамның тостағаны” әдісі арқылы сұрақ-жауап жұмысы алынды. Сабақтың негізігі бөлімде тақырып бойынша тапсырмалар берілді. 1 тапсырма “Қоржын”
Қазақ әдебиеті. Тақырып: Ақтамберді Сарыұлы “Күлдір Күлдір кісінетіп”
02
октябрь
2025
Қазақ әдебиеті. Тақырып: Ақтамберді Сарыұлы “Күлдір Күлдір кісінетіп”
2 Қазан «Сөз өнерінің сиқырлы әлемі» атты қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы аясында 8 В сыныбымен ашық сабақ өткізілді. Пәні: Қазақ әдебиеті. Тақырып: Ақтамберді Сарыұлы “Күлдір Күлдір кісінетіп” Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде тақырып болжауға арналған бейнебаян көрсетілді. Мағынаны тану кезеңінде “Сен айтшы” әдісі арқылы мұғалімнің тарапынан берілнен бір сұраққа оқушы жауап береді. Жауап берген оқушы келесі оқушыға сұрақ қойды. 2 тапсырма “Көршіңе әңгімелеп бер” әдісі арқылы 3
“Есінде ме сол бір кез” атты ардагер ұстаздармен кездесу өтті.
02
октябрь
2025
“Есінде ме сол бір кез” атты ардагер ұстаздармен кездесу өтті.
2 Қазан «Сөз өнерінің сиқырлы әлемі» атты қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы аясында “Есінде ме сол бір кез” атты ардагер ұстаздармен кездесу өтті. Бүгін біз өткеннің өнегелі ізіне тағзым етіп, батырлық пен қайсарлықтың, елге деген адалдық пен сүйіспеншіліктің символына айналған ардагерлеріміз Көгершін Мұхтарқызы, Бижамал Оразбековна,  Галина Нұраждарова жүздестік. «Есінде ме сол бір кез...» – деген аттың өзі бізді тарихтың қатпарлы беттеріне жетелеп, сол кездегі ел басынан өткен
“Хакім мұрасы” атты Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған интеллектуалды ойыны өтті.
01
октябрь
2025
“Хакім мұрасы” атты Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына
1 Қазан күні «Сөз өнерінің сиқырлы әлемі» атты қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы аясында бірлестіктер арасында “Хакім мұрасы” атты Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған интеллектуалды ойыны өтті. Интеллектуалды ойын 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең “Асыл сөз” ақынның шығармашылығы бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы өтті. Екінші кезең “Жидебай жұмбағы” бұл кезеңде топтарға жұмбақтың шешімін табу бойынша жұмыстар жүргізілді. Сайыстың соңы “Ұлы Абай ізімен” атты
“Ана тілім- қанатым” атты кітапханалық сайыс сабақ
01
октябрь
2025
“Ана тілім- қанатым” атты кітапханалық сайыс сабақ
3 ЖОББМ" КММ нің кітапханашылары  5 сынып оқушылары  арасында “Ана тілім- қанатым” атты кітапханалық сайыс сабақ өткізді.  Мақсаты : Ана тілімізге қүрмет, оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, сөздік қорларын ауызша және жазбаша байыту, тілді қорғай білуге, адалдыққа тәрбиелеу. Сайыс сабақта 5 “в” сыныбы “Білімділер” тобы 1-орын алды.