Оқуға құштар мектеп » Страница 2 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

«Поэзия әлемі» үйірмесі
26
февраль
2026
«Поэзия әлемі» үйірмесі
📚 «Поэзия әлемі» үйірмесінде Бүгін жүрекке ой салған туынды – «Тәңіріні іздеп бір мұңғыл…» Шәкәрім жырындағы ізденіс – бұл жай ғана мұң емес, бұл – ақиқатты, рухани кемелдікті іздеу. Өлең арқылы әркім өз жан дүниесіне үңіледі. Өлең оқыған: 7 «Б» сынып оқушысы Пермхан Аяла ​https://www.instagram.com/reel/DVOhQDFCIEy/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
“Қызықты эксперимент алаңы” үйірмесі
20
февраль
2026
“Қызықты эксперимент алаңы” үйірмесі
20.02.2026 — “Қызықты эксперимент алаңы” үйірмесінің жұмысы Бүгінгі үйірме жұмысы «Химиялық реакция» тақырыбы негізінде өткізілді. Үйірме барысында оқушылар сабақта алған теориялық мәліметтерін толықтырып, өз білімдерін тәжірибе арқылы бекітті. Үйірме соңында тәжірибе жүргізілді. Тәжірибеде сутегі асқын тотығы, «зеленка» ерітіндісі және сілті ретінде тазарту құралы қолданылды. Үйірме қатысушылары заттарды бір-біріне қосу барысында химиялық реакцияның жүргенін оның бірнеше белгілері арқылы
19 ақпан күні "8 минуттық оқу жобасы" бойынша 9 "б" сынып оқушылары кезекті оқыған кітаптарын қорғады.
19
февраль
2026
19 ақпан күні "8 минуттық оқу жобасы" бойынша 9 "б" сынып оқушылары
Оқығандарын жақсы жеткізген оқушылар: Тоқан Аяжан Б.Майлиннің "Шұғаның белгісі", Кумарова Радмира С.Мұқановтың "Адасқандар", Берікбол Серікжан авт Қасым Қайсеновтың "Ауыр күндерде" , Исабеков Арнұр " Шәкәрім айнасы", Қабдуалиев Азамат авт Б.Момышұлы " Адам қайраты" Оқуға құштарлығы артқан оқушыларға мың алғыс!!! Келесі айға оқығанға кітапханадан оқушыларға әдеби кітаптар берілді . #Балалар_ кітапханасы #Ұлттық_ құндылықтар #Семей_Білім_бөлімі #Адал_адам #Біртұтас _тәрбие  
Мұқағали Мақатаев оқулары сайысының қалалық кезеңінде "Көкрегімде жыр сөулесі маздайды"бағыты бойынша 10"А" сынып оқушысы Кикимова Найзана жүлделі 2-орын алды.
02
февраль
2026
Мұқағали Мақатаев оқулары сайысының қалалық кезеңінде "Көкрегімде жыр
Мұқағали Мақатаев оқулары сайысының қалалық кезеңінде "Көкрегімде жыр сөулесі маздайды"бағыты бойынша 10"А" сынып оқушысы Кикимова Найзана жүлделі 2-орын алды.Жетекшісі:Г.Жилкибаева Жүлдегер оқушы мен жетекшісін құттықтаймыз!
«Мейірімді қақпақтар» акциясы — экологияны қорғау мен қайырымдылықты ұштастыратын игі бастама.
30
январь
2026
«Мейірімді қақпақтар» акциясы — экологияны қорғау мен қайырымдылықты
«Мейірімді қақпақтар» акциясы — экологияны қорғау мен қайырымдылықты ұштастыратын игі бастама. Бұл акция барысында пластик бөтелкелердің қақпақтары жиналып, қайта өңдеуге. тапсырылады. Ал түскен қаражат мүмкіндігі шектеулі балаларға, емделуге мұқтаж жандарға немесе әлеуметтік жобаларға көмек көрсетуге жұмсалады. Белсенді қатысқан сыныптар:1А,Б,4А,Б,В,Г,2А,Ә,5В ♻️💙 [media=https://www.instagram.com/p/DUPieDwiB3X/?igsh=empsbnFraWh1eHIx]
8 сынып оқушыларымен «12 құнды сөз» атты тренинг жүргізілді.
28
январь
2026
8 сынып оқушыларымен «12 құнды сөз» атты тренинг жүргізілді.
28.01 күні 8 сынып оқушыларымен «12 құнды сөз» атты тренинг жүргізілді.  Тренинг мақсаты: ✓адамның өміріндегі құндылықтардың маңызын ұғындыру; ✓жақсы сөздің адам психологиясына әсерін түсіндіру; ✓өз ойы мен сезімін ашық жеткізуге үйрету; ✓өзіне және өзгеге құрмет, мейірім, сенім сезімдерін дамыту; ✓ұжымда жағымды атмосфера қалыптастыру. [media=https://www.instagram.com/p/DUPkRRRCDJC/?igsh=MThiMmNvdnViZDhtOA==]
8 минуттық оқу жобасы аясында 5 “А” сынып оқушылары өз оқыған кітаптарын қорғады.
21
январь
2026
8 минуттық оқу жобасы аясында 5 “А” сынып оқушылары өз оқыған
"Бүгін мектеп кітапханасында 8 минуттық оқу жобасы аясында 5 “А” сынып оқушылары өз оқыған кітаптарын қорғады. Жобаға 23 оқушы қатысты. Соның ішінде үздік қорғаған оқушылар: Жарқынбаев Мади, Шаймұрат Нұрали, Нұрлан Айсұлтан, Жақан Айбар, Дастанұлы Әділ, Тұрсынғалиева Азина, Рахимова Жанель, Каликанов Алимхан, Жумаканова Әйгерім. Барлық оқушылар жақсы дайындалған. Жас оқырмандардың ой-талдауы қуантты!" 📚✨
"Smart Bala" жобасы аясында 5 сыныптардан құралған “Тапқырлар” және “Ақылдылар” командасы арасында  “Цифрлық әлем” атты интеллектуалды сайыс өткізілді.
20
январь
2026
"Smart Bala" жобасы аясында 5 сыныптардан құралған “Тапқырлар” және
🎯20 қаңтар күні  "Smart Bala" жобасы аясында 5 сыныптардан құралған “Тапқырлар” және “Ақылдылар” командасы арасында  “Цифрлық әлем” атты интеллектуалды сайыс өткізілді. 🎯Сайыстың мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдау. Ой-өрісін іс-жүзінде дамыту, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу. Қатысушылар сайыс барысында белсенділік көрсетіп, білімдерін ортаға
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы жоспарына сәйкес, мектебіміздің 1-4 сынып оқушылары “Заң және тәртіп” құқықтық тәрбие айлығы аясында «30 секунд заң» онлайн-челленджіне белсене қатысты.
19
январь
2026
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы жоспарына сәйкес,
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы жоспарына сәйкес, мектебіміздің 1-4 сынып оқушылары “Заң және тәртіп” құқықтық тәрбие айлығы аясында «30 секунд заң» онлайн-челленджіне белсене қатысты. Челлендж аясында оқушылар қысқа уақыт ішінде құқықтық тақырыптарды қозғап заңға деген білімдерін, азаматтық жауапкершіліктерін және құқықтық сауаттылықтарын көрсетті. [media=https://www.instagram.com/p/DTxsYLWiFK-/?igsh=N3h1emlrNHYyc25y]
“Заң және тәртіп” құқықтық тәрбие айлығы аясында «30 секунд заң» онлайн-челленджіне мектебіміздің 5-11 сыныптары да белсене қатысты.
19
январь
2026
“Заң және тәртіп” құқықтық тәрбие айлығы аясында «30 секунд заң»
⚖️ “Заң және тәртіп” құқықтық тәрбие айлығы аясында «30 секунд заң» онлайн-челленджіне мектебіміздің 5-11 сыныптары да белсене қатысты.  Оқушылар Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтық жауапкершілік туралы қысқаша әрі әсерлі ақпараттармен бөлісті. Аталған челлендж жас ұрпақтың заңды білуі мен оны құрметтеу – қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздіктің негізі екенін ұғындыруға бағытталды.