Педагог-психолог » Страница 2 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

7-9 сынып оқушыларынан зорлық-зомбылыққа ұшырау деңгейін, түрлерін және қауіп факторларын анықтау мақсатында сауалнама алынды.
30
январь
2026
7-9 сынып оқушыларынан зорлық-зомбылыққа ұшырау деңгейін, түрлерін
28-29.01 күндері 7-9 сынып оқушыларынан зорлық-зомбылыққа ұшырау деңгейін, түрлерін және қауіп факторларын анықтау мақсатында сауалнама алынды.  Сауалнама арқылы: зорлық-зомбылықтың бар-жоғын (физикалық, психологиялық, вербалды, кибер және т.б.) білу; оның қай ортада (мектепте, үйде, интернетте) жиі кездесетінін анықтау; жәбірленушінің эмоционалдық күйін бағалау; оқушылардың қауіпсіздік сезімін анықтау; алдын алу және психологиялық қолдау шараларын жоспарлау.
8 сынып оқушыларымен «12 құнды сөз» атты тренинг жүргізілді.
28
январь
2026
8 сынып оқушыларымен «12 құнды сөз» атты тренинг жүргізілді.
28.01 күні 8 сынып оқушыларымен «12 құнды сөз» атты тренинг жүргізілді.  Тренинг мақсаты: ✓адамның өміріндегі құндылықтардың маңызын ұғындыру; ✓жақсы сөздің адам психологиясына әсерін түсіндіру; ✓өз ойы мен сезімін ашық жеткізуге үйрету; ✓өзіне және өзгеге құрмет, мейірім, сенім сезімдерін дамыту; ✓ұжымда жағымды атмосфера қалыптастыру. [media=https://www.instagram.com/p/DUPkRRRCDJC/?igsh=MThiMmNvdnViZDhtOA==]
«Біз ортақ шаңырақ астындамыз» атты психологиялық тренинг
19
январь
2026
«Біз ортақ шаңырақ астындамыз» атты психологиялық тренинг
2026 жылдың 19 қаңтарында мектеп психологы «Біз ортақ шаңырақ астындамыз» атты психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты — қатысушылар арасындағы өзара түсіністікті нығайту, бір-біріне деген құрмет пен сенімді арттыру, ұжымдағы татулықты қалыптастыру. Тренинг барысында түрлі психологиялық жаттығулар мен сергіту ойындары ұйымдастырылды. Қатысушылар бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасап, өз ойлары мен сезімдерін ашық жеткізуге мүмкіндік алды.Тренинг достықты нығайтып, ынтымақтастықты
"16 күн - Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес" акциясына орай 6-9 сыныптар арасында аноним түрінде тест алынды.
03
декабрь
2025
"16 күн - Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес" акциясына орай 6-9 сыныптар
Республикалық "16 күн - Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес" акциясына орай 6-9 сыныптар арасында аноним түрінде тест алынды.  Мақсаты: оқушылар арасында зорлық-зомбылықтың алдын-алу, отбасындағы қауіпсіз ортаны нығайту және адам құқығын қорғау мәдениетін қалыптастыру.
1 желтоқсан — Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні.
01
декабрь
2025
1 желтоқсан — Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні.
1 желтоқсан — Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні. Осы маңызды күнге орай мектебімізде 1-4, 7-9 сынып оқушылар арасында «ЖИТС – білім мен сақтанудың кепілі» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылып, қабырға газеті ілінді. Көрме мен қабырға-газетте: ✓ЖИТС дегеніміз не және оның адам ағзасына әсері; ✓АИТВ қалай жұғады және қалай жұқпайды? ✓ЖИТС-тен қорғанудың тиімді жолдары; ✓Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күнінің маңызы мен тарихы туралы ақпараттар берілді.
“Біз командамыз” атты тренинг өткізілді
11
ноябрь
2025
“Біз командамыз” атты тренинг өткізілді
11.11.2025 ж. Педагогикалық-психологиялық қолдау апталығы аясында бастауыш сынып оқушыларының өзара достық қарым-қатынасын, бір-біріне деген сыйластық пен ынтымақтастықты дамыту мақсатында 2-сынып оқушыларымен “Біз командамыз” атты тренинг өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты – балалардың бір-бірімен тату, ұйымшыл болуына, өз ойын еркін жеткізе білуіне және сыныптағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға ықпал ету. Іс-шара барысында оқушылар сергіту жаттығуларына қатысып, түрлі топтық
"Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі" апталығының ашылуы өтті.
10
ноябрь
2025
"Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі" апталығының ашылуы өтті.
10.11.25 күні "Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі" апталығының ашылуы өтті.  Апталықтың мақсаты: білім беру ұйымында қолайлы психологиялық ахуал құру, эмоционалды күйзелістің алдын алу, балалар, ата-аналар мен педагогтер арасында психологиялық көмек пен қолдауды насихаттау. [media=https://www.instagram.com/reel/DQ_EUDwCPhY/?igsh=YTJkN2NycDI3NWtv]
"ДосболLIKE" бағдарламасы аясында "Достық көпірі" тақырыбында шағын тренинг жүргізді.
07
ноябрь
2025
"ДосболLIKE" бағдарламасы аясында "Достық көпірі" тақырыбында шағын
07.11.25 күні мектеп психологы Сапарова А.А. жас сарбаз 9 "А" сынып оқушыларымен "ДосболLIKE" бағдарламасы аясында "Достық көпірі" тақырыбында шағын тренинг жүргізді.  Тренинг мақсаты:  ✓оқушылар арасында өзара түсіністік пен сыйластық орнату;  ✓бір-біріне сенім мен қолдау көрсетуге тәрбиелеу;  ✓топ ішінде жағымды психологиялық ахуал орнату.
«Мен және менің сыныбым» атты тренинг
06
ноябрь
2025
«Мен және менің сыныбым» атты тренинг
2025 жылдың 6 қарашасында мектебімізде 2-сынып оқушылары арасында мектеп психологы А.М.Рамьянова «Мен және менің сыныбым» атты тренинг өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың өзара қарым-қатынасын жақсарту, достық пен бірлікті нығайту, сыныптағы жылы атмосфераны қалыптастыру болды. Тренинг барысында оқушылар түрлі қызықты ойындар мен жаттығуларға қатысып, бір-бірімен тығыз танысып, өз ойларын еркін білдірді. «Шаттық шеңбері», «Мен кіммін?», «Сыныбымыздың күн сәулесі» сияқты
2025 жылдың 5 қарашасында  "Қыз бала тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" атты тақырыпта қыздар жиналысы  өтті.
05
ноябрь
2025
2025 жылдың 5 қарашасында "Қыз бала тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" атты
2025 жылдың 5 қарашасында  "Қыз бала тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" атты тақырыпта қыздар жиналысы  өтті. Кездесуді мектептің медбикесі мен психологтары ұйымдастырып, қыз балалардың рухани, мәдени және денсаулық тәрбиесіне ерекше назар аударды.  Жиналыс барысында «қыз баланың әдептілігі мен инабаттылығы», «тазалық пен салауатты өмір салты», «өз-өзіне сенім мен жауапкершілік» тақырыптары талқыланды. Психологтар қыздардың ішкі жан дүниесіне үңіліп, өз қадірін тануға шақырды, ал медбике жеке гигиена мен