Тәлімгер » Страница 7 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

"Қыз сыны - 2023" байқауы.
15
март
2023
"Қыз сыны - 2023" байқауы.
Наурыз мерекесіне байланысты 5-6 сынып қыздарының арасында "Қыз сыны" байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай қасиеттерге  бағыт- бағдар бере отырып, олардың бойында қарапайымдылық, әсемділік, өнерге қызығушылық, сахна мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, салт- дәстүрімізді ары қарай жалғастыруға  себепші болуға баулу. Байқау барысында қыздарымыз белсенділік танытып, өз өнерлерін ортаға салды.
“Мектеп аруы 2023” байқауы
07
март
2023
“Мектеп аруы 2023” байқауы
8 наурыз Халық аралық әйелдер күні мерекесіне орай мектебімізде 7-9 сынып оқушылары арасында мектепішілік “Мектеп аруы 2023” байқауы өтті. Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлдені 9 Б сынып оқушысы Советбекова Гульназ ұтып алып Мектеп аруы атанды. Құттықтаймыыз!!! Барлық қатысушы қыздарға және сынып жетекшілеріне алғыс білдіреміз!  
Алғыс айту күнінде қайырымдылық акциясы.
28
февраль
2023
Алғыс айту күнінде қайырымдылық акциясы.
1 наурыз Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында мектебіміздің өзін - өзі басқару ұйымы,Aiclub клубының ұйымдастыруымен өткізілген KinoКешінен жиналған қаражатқа Семей қаласы, Балалар үйіне барып балаларға қажетті дәрі дәрмек, түрлі - түсті картон қағаздар сияқты т.б. заттар апарып балалардың көңіліне қуаныш ұялатып қайтты.
Мектеп Парламенті Президентін және Жас Ұлан Ұланбасын ұлықтау және ант қабылдау рәсімі
29
сентябрь
2022
Мектеп Парламенті Президентін және Жас Ұлан Ұланбасын ұлықтау және
Мектеп Парламенті Президентін және Жас Ұлан Ұланбасын ұлықтау және ант қабылдау рәсімі өткізілді. 26 қыркүйек күні өткізілген сайлауда дауыс нәтижесі бойынша мектеп президенті 9 “В” сынып оқушысы Тоқанов Арнұр, Жас Ұлан Ұланбасы 8 “В” сынып оқушысы Рахимова Аружан болды.