«Керексіз заттарды керек қылып үйренейік»
Үйдегі қалдықтарды жыл сайын сыртқа шығару арқылы үлкен қоқыс болып жиналатынын білдік.Онда адам денсаулығына орасан зиян келтіретін заттар болатыны бірден –бір анық екені айтылған. Сол қоқыс жиналған жерден көптеген пайдалы заттарды да табуға болады.Олар: газеттер мен пакеттер, шыны ыдыстар, шөлмектер және т.б. Көптеген заттарды өндірісте де қолдануға болады.Ал адамдар күн сайын қоқыс шелегіне қанша заттарды лақтырады екен, деген сұрақты қоя отырып, 6 сынып оқушысы Кусаинова Адина қағаз қалдықтарын қолдана отырып, "Қуыршақтар" әлемін жасадым. Оған сыртқы киімдеріне сым, жіп, қақпақтарды қолданды. Қалдық заттардан өмірге қажетті әр түрлі туындылар жасауға болады. Осылайша Адина қоқыстардан адам денсаулығына келетін зияндарды азайтуда өз үлесін қосты. Баяғыда бір данышпан: «Әлемді қоқысқа толтырып қайтесіз. Бұл әлем онсыз да лас»,-деп өте дұрыс айтыпты. Қоқысқа лақтырылған заттар туған жерімізді ластап жатыр. Ендеше әр нәрсенің артын ойлап, керексіз заттарды «керек» қылып үйренейік.







