02
декабрь
2020
"Қоқыстардың қоршаған ортаға зияны"
Кез келген үйден істен шыққан, керексіз заттардың табылары анық. Сол керексіз заттарды далаға лақтырмай, пайдаға асырып көрдіңіз бе? Орайын тапқан адам күл-қоқыстың өзінен де өзге бірдеңе жасап шығарады. Ол үшін қиялға қанат бітіріп, ақылға жүгінсеңіз болғаны. Баяғыда бір данышпан «Әлемді қоқысқа толдырып қайтесіз. Бұл әлем онсыз да лас» деген екен. Бұл сөздер біздің оймызға дәл келіп тұрған сияқты. Ендеше керексіз заттарды «керек» қылып үйренейік. 3 "В" сынып оқушысы Бірлікбаев Нурали үй жағдайында қоқысты бөліп жинауға арналған кеңестерімен бөлісті.