Керексіз затты іске жарат видеоролигі. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» Керексіз затты іске жарат видеоролигі.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

26
январь
2021

Керексіз затты іске жарат видеоролигі.

«Қалдықтар» - көне ғасырдан бастап адамның қатысуын куәландыратын, адамның қызметі нәтижесінде туындайтын материалдар немесе заттар болып табылады. ХХ ғасырдың басында академик В.И. Вернадский қалдықтар түзілуінің химиялық, физикалық және анатомиялық-морфологиялық принциптері туралы ережелерді тұжырымдаған болатын.

Соңғы жылдары біздің күнделікті тіршілігіміздің өнімі болып табылатын қалдықтарды кәдеге жарату күрделі экологиялық мәселелердің біріне айналып отыр.Өркениеттің дамуына қарай қоршаған ортаға шығарылатын қалдықтар көлемі де артып келеді. Заманауи қоғам жиі «жаппай қоқыс өндіретін, тұтынатын және шығаратын қоғам» деп аталып отыр, ендеше, табиғатты қорғауды, аялауды өзіңнен баста! Қалдық заттарды дұрыс сұрыптай отырып, пайдаға, іске асыр, екінші өмір бер! – деген ұранды ұстанған 5 сынып оқушысы Уатқан Райхан үй жағдайында қалдықтарды сұрыптап, киюге жарамсыз жейдесінен әдемі жұмсақ жастық жасауды жөн санаған. Сондай – ақ, өзінің сыныптастары мен достарымен видео ролигімен бөлісіп, тәжірибе алмасты.  

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее