«Ғажайып жеміс – лимон» » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

07
апрель
2020

«Ғажайып жеміс – лимон»

3 «В» сынып оқушысы – Кодирова Дильназ ізденімпаз, озат оқушы. Әлемді алаңдатып отырған жағдайға байланысты көктемгі демалыс әдеттегіден ұзаққа созылды. Осы уақытты тиімді пайдаланғысы келген ол, үйінде өзі өсіріп отырған лимон жемісін зерттеумен айналысты. Ұстазы Б.С.Серикболова қашықтықтан бағыт беріп отырды. Алдымен лимон жемісі туралы дереккөздерден мәліметтер жиналды. Адам денсаулығы үшін пайдасы және оның пайдалы қасиеттерін күнделікті тұрмыста қолдануды тәжірибе жасау арқылы бақылады. Лимонның жағымсыз иісті кетіргіш және тазартқыш қасиеттерін ас бөлмесінде бақылап көреді. Сонымен қатар ыдыстарды тазарту, тісті ағартуда да жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады екен. Үй жағдайында лимон сығындысын оливки майына қосу арқылы қарапайым иіс су жасауға болатынына көз жеткізді. Киімдегі дақты да оңай кетіруге болатынын білді. Үй тұрмысында осындай пайдалы қасиеттерін анықтай отырып, ғажайып жемістің емдік қасиеттеріне де ден қойды. Дереккөздерге сүйене отырып, лимонның емдік қасиеттері иммунитетті жақсартуға, суық тию, тұмау, анемия сияқты аурулардың алдын алуға көмектесетіндігін білді. Анасының Дильназға арнап өсірген лимоны нағыз зерттеу алаңына айналды. Әрбір адам күніне 1 лимоннан жесе, имунитеттері жақсарып, бүгінде ғаламдық проблемаға айналған  COVID-19 коронавирус індетімен ауырмаған болар ма еді?! Әлде осы ауруды емдейтін екпені жасағанда лимонның ерекше қасиеттерін қолдануға болар ма екен?! Бұл болашақтың еншісінде. Дильназ үй жағдайында лимон жемісін өсіріп, оның емдік және тұрмыстық қасиеттерін қолдануға кеңес береді. Алдағы уақытта оның ерекше қасиеттерін зертханада бақылап, өз зерттеуін жалғастыра бермекші. Лимоннан электр қуатын да алуға болады дейді. Ендеше, алдағы күндер еншісіндегі зерттеудің мәні ауқымды болмақ. 



Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее