27
ноябрь
2020
«Қоқыс қалдықтарын не үшін сұраптау керек?» экосағаттары
Дүниежүзілік банктің есебінше, 2050 жылға қарай әлемдегі тұрмыстық қалдықтың көлемі 70%-ға өсіп, 3,4 млрд тоннаға жетеді. Бұл дегеніңіз келешекте Жер планетасының үлкен қоқыс полигонына айналуға шақ қалғанын білдіреді екен. Сол себепті бүгіннен бастап қалдықты бөліп жинау мәдениетін қалыптастыру қажет. Осы мақсатта 5-7 сыныптарында «Қоқыс қалдықтарын не үшін сұраптау керек?» тақырыбында экосағаттары өткізілді. Оқушыларға қоқыс қалдығын бөліп жинаудың маңыздылығы жайлы ақпараттар беріліп, қоқысты бөліп жинау жолдары жайлы видеолар көрсетілді.










