CD дискілердің «екінші өмірі»
Істен шыққан ескі дискілерді тастауға асықпаған жөн. Көбінесе СD дискілерден үйге арналған әдемі әрі ерекше көрінетін бұйымдар жасауға болады: сағат, шырша ойыншықтарын, қабырғаға ілуге арналған бұйымдар. «Оларды жасау үшін ПВА желімін және өз қиялыңызды қосасыз» - дейді 5 «Г» сынып оқушысы – Ғабитқызы Мөлдір. Ол өз қолынан шыққан кезекті заттарын көпшілік назарына ұсына отырып, құрбыластарын тұрмыс қалдықтарына «екінші өмір» сыйлауға шақырады. Осындай пайдалы бұйымдар жасай отырып, қоршаған ортамызды тазартуға үлес қосамыз. Әрі тартымды жасалған бұйымды сыйға тартып, үлкенді де, кішіні де қуантуға болады. Бүгінгі бала қиялдың – ертеңгі үлкен бастамаларға жол салуы әбден мүмкін ғой! Ендеше, Мөлдірге: «қанатың талмасын, қиялың биіктерді шарласын!» - деген тілек білдіргіміз келеді.




