Шығармашылық шеберханасы » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

29
март
2020

Шығармашылық шеберханасы

Облыстық семинар аясында «Шығармашылық шеберханасы» бастауыш сынып оқушылары көрмесі жасалды. Тұрмыс қалдықтарынан жасалған бұйымдар келген ұстаздар назарына ұсынылды. Атап айтқанда: пластик бөтелкелерден жасалған мултьфильм кейіпкерлері, бөтелке қақпақтарынан жасалған кілемшелер, массаж жасауға арналған құралдар, қағаз қалдықтарынан жасалған заттар, тері, киіз қалдықтарынан ерекше талғаммен жасалған бұйымдар бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамдарын қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс жасауға жетелейтіні сөзсіз. Осы тұрғыда ата-аналар белсенділігін де ерекше атай кетуге болады. Үй жағдайында өз баласымен бірлесе отырып, тұрмыс қалдықтарынан жасалған бұйымдарын мектеп көрмесіне қойған отбасылар саны – 19 болды. Бұл да өз кезегінде бастауыш сынып оқушыларын ерте жастан еңбекті сүюге, қоршаған ортаны ластамауға, ең бастысы – қолжетімді екінші шикізатты қолдана отырып, айналасындағы жандарға әдемілік, шығармашылық шеберліктерін паш етуге үлкен мүмкіндік туғызды. Мектеп ұстаздары аталған жұмысты бүгінгі жағдайды пайдаланып, оқушылар мен ата-аналары арасында жалғастыруды құп көрді. Пластикалық бөтелкелер қақпақтарынан пайдалы заттар жасау челенджі басталды. Қазіргі күні бұл шараны 10-нан астам отбасы қолдап отыр.





Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее