22
декабрь
2020
«Жаңа жылдық сыйлықтар қорабын жасау»
Жаңа Жылды қарсы алуға өте аз уақыт қалды. Биыл елдегі жағдайға байланысты, бәріміз асыға күтетін мерекені отбасымен үйде атап өтуге тура келеді. Тұрмыс қалдықтарын кәдеге жарата отырып, жанымызға жақын жандарға өз қолымызбен әдемі сыйлық жасауға болады. Ол үшін: пластик бөтелке, қағаз, желім, жіп, әсемдеуші заттарды пайдалануға болады. Пластик бөтелкені екіге бөліп, қағазға жапсырдық. Сыртын шиырма жіппен айналдыра жапсырдық. Сыртын өз қиялыңызбен әсемдеп, ішіне сыйлықтарыңызды саласыз. Осындай креативті, әдемі сыйлықтар қорабын үлкенге де, кішіге де ұсынуға болады. Қоқыс қалдықтарын керегімізге жарата отырып, туысқандарымызға қуаныш сыйлайық! Келер жыл баршаңыз үшін қуанышқа толы болсын! Қоршаған ортамыз таза болсын!