11
май
2020
Қалдықтардан әшекей бұйымдар жасау
2 «А» сынып оқушысы Ныгметулла Наргиза тұрмыс қалдықтарын пайдаланып, жүзік жасау әдісімен бөлісті. Сүт өнімдері, сусындар, май өнімдері құйылған кез-келген пластик бөтелкенің аузында болатын сақина тәріздес бөлігін алып, ыстық желім және мата қалдықтары, пластик бөлщектерін пайдаланып әдемі жүзіктер жасауға болады. Жүзіктерді жасауға көп уақыт кетпейді. «Еш қаражат жұмсамай-ақ үй жағдайында осы тектес заттар жасап, әдемі болып жүруге болады»- дейді Наргиз. Ал, біз кішкентай кейіпкерімізге: «Талабыңа нұр жаусын!»- дейміз.