05
май
2020
Айналамызға қуаныш сыйлайық
Қалдықтарға екінші өмір сыйлап, пластик бөтелкелерден өзіне қажетті заттар жасап жүрген 3 «А» сынып оқушысы – Әбибеков Асанәлі, осылай дейді. Ол ауласын әрлендіру үшін қанқызын жасап, әдемілеп бояйды. Түрлі гүлдер жасайды. Пластик бөтелке қақпақтарын және түрлі-түсті қағаздарды қолдана отырып, тиын салғыш жасайды. Тұрмыс қалдықтарын іске жаратып, қажетті бұйымдар жасау қол жетімді. Ынта мен қиялды қоссақ түрлі бұйымдарды қолдан жасап, өзімізге де, айналамызға да қуаныш сыйлауға болады.