Қоқыс қалдықтарын қайтадан өңдеу
Жыл сайын көлемі мен тереңдігі әртүрлі қызылды жасылды пластик стакандар, қасықтар мен шанышқылар тонналап өндіріледі. Кештерде, басқосуларда және табиғат аясына серуендеуге шыққан адам міндетті түрде бір жолғы пайдалану ыдыстарын пайдаланады. Бұл ыдыстардың басты артықшылығы қолдану жағынан өте тиімді, үнемді болғанымен денсаулыққа тигізер зияны да бар. Зиянды ыдыстарды көп бір рет пайдаланғаннан кейін пластикалық ыдыстырды отқа жағуға болмайды. Сондықтан қоқысқа тастауға тура келеді. Ал өте көп мөлшерде тасталған ыдыстар қаланы түгел қоқыс аумағына айналдырып жібереді. Пластикалық ыдыстардың шіру мерзімі 100 жыл. Осы уақыт аралығында шірімей жата береді. Ысырапшылдыққа жол бермей, экологияны ластамай, пластикалық ыдыстарға жаңа өмір сыйлауға болады. Осы ретте біз экологиялық мәселелерді шешуде әлеуметтік және экономикалық механизмдердің тиімді жолдарын жасап шыңаруымыз қажет. Қоршаған табиғи ортаның ластануы экологиялық жүйеге, ондағы алмасу процестерін, экожүйенің бұзыуына әкеліп соғатын, оған тән емес жанды немесе жансыз компоненттердің, физикалық немесе құрылымдық өзгерістердің енгізілуіне әкеліп соқтырады. Осы себепті қатты қалдық заттарды өңдеп, екінші рет басқа салада пайдалануға бейімделуіміз қажет.