«Экология үшін қауіпті дәрі-дәрмектер» » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

05
май
2020

«Экология үшін қауіпті дәрі-дәрмектер»

Барлық медициналық дәрі-дәрмектердің қаптамасында міндетті түрде жарамдылық мерзімі көрсетіліп жазылады. Уақыты көрсетілген мерзімнен өткен дәрі-дәрмектерді қолдануға болмайды. Дегенмен аз ғана өзгешелік бар. Блистердегі таблеткаларды мерзімнің соңына дейін сақтауға және қолдануға болады, ал спрей және сұйықтық түріндегі препараттарды ашқаннан кейін өзінің қасиеттерін тез жоғалтады – олардың жарамдылық мерзімі тек құтының герметикалылығы бұзылғанға дейін ғана көрсетілген. Бүгінде адамзат өз қызметінің қалдықтары арасында өмір сүреді. Бұл ретте су айдындарында және жер асты суларында зиянды заттардың саны үнемі артып отырады. Емдік препараттарды жасау мен өндіру экологияға қауіп төндіруде. Ең қауіпті антибиотиктер- тірі микроорганизмдерді өлтіруге қабілетті заттар. Ескі дәрі-дәрмектерді дәретханаға сумен ағызу, бұл өте қауіпті. Су обьектілеріндегі ағынды суларды тазарту қондырғыларында, сондай-ақ балықтардың асқазандарында дәрі дәрмектердің қалдықтары табылады. Сондықтан келесі ережелерді қолданыңыз: мерзімі өткен, жоюға жататын дәрілерді орамадан ашып босату керек (сонымен қатар таблетканы, капсуланы), қағазға орап, қоқыс салатын шелекке салу қажет. Ешқашанда дәріні канализацияға төкпеңіз және тастамаңыз! Сол үшін үй дәрі қобдишасының ішіндегісін үнемі тексеру, дәрілердің күйін және жарамдылық мерзімін қарап шығу керек.
6 «В» сынып оқушылары Кенжебаева Аяулым мен Ибраим Ерназ дәрігердің берген нұсқаулық ережесін сақтауға тырысады. Олар қоршаған ортаға дәрі-дәрмектердің кері әсер тигізгенін қаламайды және әрдайым сынптастарына да осыны айтып отырады.
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее