«Экология оқушылар көзімен» сауалнама нәтижелері
Экология мәселелері әлем назарында екені белгілі, бұл халықты толғандыратын проблемалардың рейтингінде жетекші орын алатынын байқау қиын емес.
Қараша айында «№3 ЖОББМК» КММ «Экология оқушылар көзімен» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Сауалнама 6 сұрақты қамтыды. Сауалнама Google формада жасалынып, оқушыларға ұсынылды. Нұсқалардың ішінде ұсынылған жауаптар да болды. Сауалнамаға 9-сыныптардан 38 оқушы қатысты. Берілген жауаптардың талдауы көрсеткендей, оқушыларды қоршаған ортаның жай-күйі толықтай қанағаттандыратынын көруге болады.

- қоқыстарды тазалау, сенбілікке шығу керек.
- қоқысты қоқыс жәшігіне тастау.
- Қоқысты жерге тастамау керек , үлкен зауыттарға фильтр қою қажет.
- Экологияны қорғау бойынша қала тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуіміз қажет.
- Табигат ананы коргау биздин миндетимиз. Табигатымызды ластамай, ластаганды адамды байкасак оған ескерту жасағанымыз дурыс деп ойлаймын сол кезде табиғатымызды барлык адамдар коргайтын болады.
- қоқыс тастамау керек, қалдық заттарды утилизация жасау керек.
- Тазалық сақталуын қадағалауымыз керек деп ойлаймын.
- Қаламызды таза ұстауымыз керек .Әр сенбілікке шығуымыз қажет.
- Табиғи байлықтарды сақтау,табиғи ресурстарды тиімді пайдалану ,қоршаған ортаның табиғатты жақсарту.
- Қалдық заттарды сұрыптауымыз қажет.
- Қоқыстарды қайта өңдеу қажет. Негізі бізге Швеция елінен үлгі алуымыз керек. Себебі олардың аулаларында бірде бір қоқыс көрмейсіз. Өйткені олар қоқысты қайта өңдеп, одан электр энергиясын алады. Олардың тазалығы соншалық, қоқысты басқа елдерден сатып алады. Жәнеде көшелерде қоқыс қабылдап, оның орнына ақша төлейтін автоматтар турады. Ал біз болсақ миллиондаған қоқысты теңіз мұхиттарға лақтырып, су жануарларына зиян келтіріп жатырмыз. Көптеген су жануарлар түрі біз үшін жойылып кетті. Осылай жалғастыра берсек табиғатымыздан түкте қалмайды..
- Қоқысты жерге тастамау; ағаштарға, өсімдіктерге, қамқорлық жасау; қоршаған ортаны барынша таза ұстау
«Бүгінгі таңда экологиялық мәдениетіне қоғам, оқушылар қызығушылық танытады ма?» деген сауалнаманың екінші сұрағына жауап берушілер келесідей жауаптар ұсынды: иә – 27 оқушы (77,1%), жоқ – 6 оқушы (17,1%), жауап беруге қиналамын – 2 оқушы (5,7%).
Сауалнамаға жауап берушілер қаладағы экологиялық мәселелерді тудыратын негізгі факторларға рұқсат етілмеген қоқыс төгетін орындар - 42,9%, судың ластануы мен қалдықтар - 25,7%, атмосфераға шығарылатын газдар - 11,4% және зауыт шығарындылары - 20% жататындарын атап өткен.
71,4% оқушы экологиялық мәселелерді шешуге бірінші кезекте қала тұрғындары жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеуі керек деп жауап берген.
«Қаладағы экологиялық қызмет іс-шараларына қатысасыз ба?» деген сауалнама сұрағына 19 оқушы (54,3%) иә деп жауап берген екен. Тек 4 оқушы мұндай іс-шараларға қатыспайтындарын белгілеген.
Осы сауалнаманы талдау жұмыстары барысында оқушыларға экологиялық білім мен мәдениеттің керек екендігін көрсетті. Олар табиғатты қорғамаса қандай жағдайлар туындауы мүмкін екендігін түсінетіндерін жеткізді. Сол себепті олар қазірден бастап қоршаған ортаға өздерінің үлестерін қосуға тырысуда, қоршаған ортаның ластануы адам денсаулығына зиян келтіретін және оның салдары туралы түсінеді. Сауалнама қорытындысын көрсеткендей, экология мәселесі оқушылар үшін маңызды, өзекті болып табылатынын көрсетті.





