18
январь
2021
«Айран бөтелкесінен жасалған аққалалар»
Қазіргі қашықтықтан оқу кезінде оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және қатты тұрмыс қалдықарын кәдеге жарату мақсатында шеберлік-сыныптар өткізіп, осы пайдалы іске бастауыш сынып білім алушыларын да көптеп тартудамыз. Тұрмыстық қалдықтардан жасалған қолөнер күнделікті өмірде шынымен пайдалы болуы мүмкін. Оларды жасау балаларға шығармашылық қабілеттерін дамытуға және уақытты қызықты өткізуге көмектеседі. Бұл жағдайда ақша жұмсаудың қажеті жоқ, өйткені үйде кез-келген материалдар бар. 4-сынып оқушылары айранның пластикалық бөтелкесі, желім, мата қалдықтары, ағаш сынықтарын пайдалана отырып, аққалалар тобын жасады.
