«Қалдықтардың екінші өмірі» » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

07
апрель
2020

«Қалдықтардың екінші өмірі»

Бастауыш сынып мұғалімі Кутешова Ж.С. «Қалдықтардың екінші өмірі» челенджін әріптестерінен қабылдай отырып, өз тәжірибесімен бөлісті. Күнделікті өмірде сусын, сүт, айран, шырындарды пайдаланамыз. Олардың ыдыстары мен қақпақтары көп жағдайда тұрмыс қалдықтары салынатын контейнерлерден орын алады. Сол қалдық заттарды оқу процесінде қолданып, түрлі ойындар ұйымдастыруға болады.
Аталған ұстаз математика сабағында қақпақтарды ресурс ретінде қолданып, ойын түрлерін жүргізеді. Пластик бөтелкелер қақпақтарына сандарды жазу арқылы, «Ойлан, тап», «Кім жылдам», «Орнын анықта», «Көршілерін ата» дидактикалық ойындарын жүргізетін көрнекіліктер жасаған. Бұл ойындар оқушыларды ауызша жылдам есептеуге, сандар құрамын тез есте сақтауға, қосу мен азайту амалдарына өрнектер құра білуге, көбейту амалын есте сақтауға септігін тигізеді. Тағы бір тиімді жағы, ұстаз ойын түрлеріне қажетті заттарды сынып оқушылары қатысуымен көркем еңбек сабағында даярлаған. Нәтижесінде пайдалы еңбекті білім берумен ұштастырады, ойын арқылы оқушыларының пәнге деген қызығушылығы артқан. Ұстаз әріптестерін артық шығынсыз, екінші шикізат көздерін пайдалана отырып, оқу процесіне қажетті құралдар жасауға шақырады.

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее