Сыныптардың ЭКО-сағаттарында өзекті мәселе көтерілді... » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » Сыныптардың ЭКО-сағаттарында өзекті мәселе көтерілді...

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

21
январь
2021

Сыныптардың ЭКО-сағаттарында өзекті мәселе көтерілді...

5 сыныптарда 18 қаңтар күні сынып сағаттары өтті. Оқущылар өз үй жағайларында пластиктан жасалған пакеттерді қалай сұрыптайтындығы туралы сөз қозғады. Әр бала ойларымен және іс әрекеттерімен бөлісті. Құмархан Аянаның ақпараты көп сұрақ тұдырды. Ол пластиктің орнына қағаздан жасалған пакеттермен қолданатыны туралы айтты. Мұхтарбеков Ислам мен Талгатов Алихан қағаздан жасалған пакеттерден қоршаған ортаға зияны көбірек деген пікір айтты. Олар қағазды өңдеу барысында ағаштар кесіледі, ол пакеттерді ұзақ пайдалануға келмейді, үнемі жағып немесе қалдықтарға тастау керектігін айтты. Оны өртеген кезде көмірқышқыл газы бөлінетіндігі айтылды. Бір ғана жағымдысы оны макулатураға тапсырып екінші ретте пайдалану деген ой түйді. Оның өзінде екінші рет оны өңдеу кезінде шығын болады және зиянды заттар пайдаланып қайта өңделеді деген ой білдірді.  Бұл мәселені бүкіл сынып болып талқыладық. Соңында келесі ой түйдік: пластик пакеттерді тұтынған дұрыс, бірақта оның санын неғұрлым азайтуға тырысу, бір пакетті бірнеше рет қайта қолдану арқылы қалдық санын көбейтпеу және оларды дұрыс сұрыптау жолын пайдалану керек деген қорытынды жасалды. Бұл пікірлерді бір ауыздан қолдадық.

Бұл сынып сағаттарына жиыны 59 оқушы, 5 мұғалім,7 ата-ана қатысты. Сынып жетекшілері Тубекпаева А., Сейтханова Г., Амирова Ш., пән мұғалімдері Касымханова С.және Жилкибаева Г. Бұл ақпаратты дайындаған 5б сынып ата-анасы Өтеуова Лунара


Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее