22
январь
2021
Айғанымның Экосөмкесі
Мектебімізде «ЭКО АСАР» акциясы аясында 2 «В» сынып оқушысы Ғалымбек Айғаным тұрмыс қалдықтарына «Екінші өмір сыйла» және күнделікті сол жасаған затты тұрмыста қолдану жайында өзінің анасымен бірігіп жасаған «ЭКО СӨМКЕ» жобасын көрсетеді. Бұл сөмкені жасау өте оңай. Кішірейіп,жарамай қалған киімдерді пайдаға асыруға көмегін береді деген ойдамын. Бұл баланы үнемділікке және ой қиялын дамытуға үйретеді. Ең маңыздысы қалдық заттарды тиімді пайдаланып, екінші өмір сыйлау арқылы экологиямыздың,қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлесін қосады.
