«Пластик сауыттардан тұрмысқа қажетті заттар» » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » «Пластик сауыттардан тұрмысқа қажетті заттар»

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

22
январь
2021

«Пластик сауыттардан тұрмысқа қажетті заттар»

Мен бүгін сіздерге сұйық кір жуғыш сауыттарына екінші өмір сыйлау, оларды күнделікті ең қажетті заттарға айналдыруды ұсынғым келіп отыр. Қажетті заттар: босап қалған пластик сауыттар, кацелярлық пышақ, маркер (фламастер), қайшы, сауыт қақпағы, темір жөке ысқыш, баулық қажет болады. Өзіміздің ой – қиялымызбен тұрмыста қолданатын қажетті сауыттар, тұтқалар ойластырып жасауға болады. Мысалы: бөлме өсімдігінің сауыты, су құйғыш, ваннадағы тіс пасталары мен щеткаларын салып қоятын сауыт, ас үйдегі тағам пісіруге арналған қасықтарды салуға, сондай – ақ тамақ пісірген қазан ішін тазалап жуу үшін темір ысқыш жөкені сауыттың тұтқасына орналастырып ыдыс жуған өте қолайлы. Қолыңызға ешқандай ыстық судың не жуғыш ерітіндінің әсерінен зиян келмейді. Осындай тұрмыс қалдықтарына екінші өмір сыйлай отырып, табиғатты ластамауға, оны аялауға балаларымыз бен қоғамымызды үйретіп тәрбиелеудің бір жолы деп түсінемін. 


Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее