«Кружканың жаңа бейнесі»
Ақерке өзінің сүйікті кружкасының құлағын байқаусызда сындырып алды. Оны қоқысқа тастауға қимады. Құлағы сынған кружканың сыртынан қаймақтан босап қалған пластик стақанның түбін ойып кигізді. Сыртына қатырма қағаз жапсырып, тесьма және әдемі гүлмен әшекейледі. Сонымен қатар әдемі сауыт жасау үшін қаймақтан босап қалған пластик стақанды пайдаланды. Қажетті құралдар: ыстық желім, қайшы, әсемдегіш гүлдер, тастар тесьма, кендір жіп, жылтыр бояу, түсті қағаз, май шам. Бірі әдемі қалам- қарындаштар сауыты, енді бірі май шам салатын әдемі ыдыс болып шықты. Сынған кружка мен қаймақтан босаған пластик ыдыстың жаңа бейнесі өзіне қатты ұнады. 2 «Б» сынып оқушысы – Бейсенбай Ақерке өз құрбыларын бос уақытында осындай пайдалы істермен айланысуға және тұрмыс қалдықтарын кәдеге жаратуға шақырады.




