Қақпақтан төсеніш жасау
Пластик бөтелке қақпағын тастамаңыз! Өте пайдалы! – дейді, мектебіміздің 3 «Б» сынып оқушысы – Кенжебекова Нурайлым және ол өз тәжірибесімен бөліседі:
-Бүгін мен сіздерге пластикалық қақпақтардан кружкаға арналған әдемі төсенішті қалай жасауға болатындығын айтамын. Бізге түрлі-түсті 7 бөтелке қақпағы, пергамент қағаз, екі жақты таспа және үтік қажет. Түрлі түсті және бірдей көлемдегі 7 бөтелкенің қақпағын алыңыз. Содан кейін пергамент қағазды алыңыз, оған төмендегі суретте көрсетілгендей, шектері аз немесе мүлдем жоқ 3 жолаққа екі жақты лента жабыстырыңыз. Қақпақтарды ішкі жағын төмен, гүл түрінде немесе өзіңізге ыңғайлы етіп таспаға бекітіңіз. Пергамент қағазды қайтадан қақпақтардың үстіне қойыңыз.
Үтікті алыңыз, оны максималды қыздыру температурасына қойып, қақпақтарға мықтап басыңыз. Бұл күйде қақпақтар ерігенше шамамен 1 минут ұстаңыз. Қақпақтар біртіндеп ери бастайды және біркелкі тарала бастайды. Пергаментті алыңыз. Осылайша біз ыстықтан қорғайтын әдемі төсеніш жасадық.
Төсеніштің түсі мен формасы әртүрлі болуы мүмкін, бәрі сіздің қиялыңызға байланысты.