«Отбасымызда қалдықтарды қалай сұрыптаймыз» » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » «Отбасымызда қалдықтарды қалай сұрыптаймыз»

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

09
февраль
2021

«Отбасымызда қалдықтарды қалай сұрыптаймыз»

Математика мұғалімі  Косбармакова А.К.

7 «А» сынып оқушыларымен алған сауалнама нәтижесінде қала тұрғындарымыздың көпшілігі еліміздегі экологиялық ахуалды түсінсе де,  қалдықтарды сұрыптау көп уақыт талап етеді және үйде бөлек сұрыптауға   3-4 қоқыс жәшігін қою көп орын алады деген ойда екені анықталды.  Өз отбасымда қоқысты сұрыптауды бастап, соншалықты көп уақыт алмайтынына көзім жетті. Сондай-ақ, бірден  3-4 қоқыс жәшігін қоймай, 2 жәшіктен бастап көріңіздер. Біреуі қайта өңдеуге жарамды қалдықтар үшін, екіншісі қалған қоқыс үшін. Кейін шығарарда бөлек сұрыптай салуға болады. Қайта өңдеуге жарамды қалдықтар бұл пластик, алюминий бутылкалар, металл, қағаз, шыны. Пластик және алюминий бутылкаларды жуып, кептіріп, көп орын алмас үшін ішіндегі ауасын шығарып бүктеу қажет. Пластик бутылкалардың қақпағын шешіп алып, жеке кішілеу сауытқа жинаған дұрыс. Шыны ыдыстар да таза, құрғақ болған жөн. Қағаз бен картон құрғақ және майлы емес болу керек. Қағаздардағы скрепка, обложка, файлдарын алап тастаймыз.  Қартон қораптарды жаксылап бүктеп саламыз. Батарея, градусник, аккумулятор сияқты зиянды заттарды жеке сауытқа жинаңыздар. Оларды жарты жылда бір арнайы қабылдайтын орындарға апарып өткізесіздер. Қайта өңдеуге жарамды қоқыстар жәшігі ретінде үлкендеу қорапты немесе басқа өзіңізге ыңғайлы сауытты алып, балконға қоюға болады. Сонда жиі шығармай, 1-2 айда бір шығарасыз. Ертеңге қалдырмай, кәзірден бастап әр адам қалдықтарды сұрыптауға кішкентай болсын қадам жасауы керек. Әр жасаған қадамыңыз табиғатты құтқару жолында жасалған үлкен іс деп қабылдаңыз. Қоршаған ортамызды бірге қорғайық!




Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее