Күл-қалдық зат
Тұрмыста қолданылатын қалдықтардың бірі – күл. Ол –түрлі отындардың толық жануы кезінде түзілетін жанбайтын қалдық. Ежелден бері адамдар ағаш күлін тыңайтқыш ретінде, емдік қасиеттері бар екенін дәлелдеу арқылы тұрмыста пайдаланған. Бау-бақшада күлді пайдалану мезгіл-мезгіл топырақтың механикалық және химиялық құрамын жақсартады. Күл қышқылды төмендетуге және топырақты босатуға арналған қасиеттерге ие. Күлді құрғақ жерде сақтау керек. Егер күлді пластикалық пакеттерге салып, ылғалдың енуіне жол бермейтін болса, оны бірнеше жылға дейін сақтауға болады. Күл өзінің қасиеттерін сақтайды. Сақталған күлмен көбіне жараларды емдеуге пайдаланған. 4 «А» сынып оқушысы –Қасенова Еркеназ күлдің пайдасы туралы өзіндік зерттеуін жүргізуде. Ол күл қалдықтарын бөлме өсімдіктерін өсіруде пайдаланып, мектеп гүлдерінің жақсы өсуіне өзіндік ықпал етуде. Еркеназ құрбыластарын осындай пайдалы істермен айналысуға шақырады.






