6 «А» сынып оқушысы Садықова Қарлығаш үй жағдайында бөлме өсімдіктеріне қалай күтім жасайтынын көрсетті. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » » » 6 «А» сынып оқушысы Садықова Қарлығаш үй жағдайында бөлме өсімдіктеріне қалай күтім жасайтынын көрсетті.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

28
октябрь
2020

6 «А» сынып оқушысы Садықова Қарлығаш үй жағдайында бөлме өсімдіктеріне қалай күтім жасайтынын көрсетті.

6 «А» сынып оқушысы Садықова Қарлығаш үй жағдайында бөлме өсімдіктеріне қалай күтім жасайтынын көрсетті.

    Топырақ дегеніміз- жердің өсімдік өсетін құнарлы, үстіңгі қабаты. Топырақтың құрамын құм, саз, майда тастар, өсімдіктер, ұсақ жануарлардың шіріген қалдықтары құрайды. 
     Жалпы тіршілікте, оның ішінде адам баласының өмірінде ең қажеттісі су, ауа және топырақ екені ежелден белгілі. Сондықтан жер мен суға аса көңіл бөліп, бұлақ көрсе көзін ашып, жерді өз анасындай қамқорлықпен қорғаса нұр үстіне нұр болар еді. Кең байтақ жерімізде топырақтың көптеген түрлері  бар, олар биіктегі шалғынды құнарлы қара топырақтан ойпаттағы құнарлылығы өте төмен сұр топыраққа дейінгі аралықты қамтиды. Оларды өз ыңғайында тиімді пайдаланудың маңызы зор.
     Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген. 
     Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.
      Сабақ барысында оқушылар топырақ туралы мәліметтермен таныс болды. 


Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее