22
февраль
2021
Тауар қаптамаларына екінші өмір сыйлайық.
Қазақстанда жылына 5-6 миллион тонна қатты тұрмыстық қалдықтар пайда болады. Таяу жылдары азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар, олардың қаптамалары мен түрлерінің ұлғаюына, халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына байланысты қатты тұрмыстық қалдықтар көлемінің де ұлғаюы күтілуде.
Қаптама – тауардың бір бөлігі. Кез келген өнімнің қаптамасы – ол тұтынушылармен ғасырлардан бері жүргізіліп келе жатқан әңгіме. Өндірушілер өз тауарлары қаптамасының дизайнінің ерекшелігіне көп көңіл бөледі. Кейбір өндірушілер қаптама үшін әлемдік танымал дизайнерлердің ойымен бөліседі. Қаптамаға әртүрлі материалдар қолданылады. Пайдаланылған қаптаманы қайта пайдалануға немесе жоюға арналған болуы мүмкін.
Пайдаланылған қаптама тұрмыстық қатты қалдықтардың шамамен 50% құрайды. Көбінесе, орау материалдарын өндіру үшін биологиялық ыдырау және бұзылу процестеріне ұшырамайтын материалдар қолданылады. Сондықтан тауар сатып аларда, қаптамасына мән бергеніңіз дұрыс. 9 «В» сынып оқушылары әртүрлі тауар қаптамаларын қалай үй жағдайында қолдануға болатынымен бөлісуде, кәдеңізге жаратыңыз.