Қоқысты қайта сұрыптауды қалай жолға қоюға болады? » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » Қоқысты қайта сұрыптауды қалай жолға қоюға болады?

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

26
февраль
2021

Қоқысты қайта сұрыптауды қалай жолға қоюға болады?

  Осы тақырып бойынша 7  «А» сынып оқушылары арасында зуумен пікірталас ұйымдастырдық. Нәтижесінде оқушылар көрген, естіген, оқығаннан алған білімдерімен бөлісті.
    Эльанур мен Нұрмұхамед робототехника сабағынан алған ойларымен бөлісті. Басқа елдерде қоқысты бөліп жинаудың әр түрлі әдіс - тәсілдерін қолданып, біршама жеткен жетістіктері бар екен. «Қоқысты сұрыптау роботтарын» құрастырып, оны іске қосу бүгінгі дамыған Қазақстан үшін сұранысқа ие болып тұрғандай. 
    Өйткені қарапайым заттардан жасалған ақылды роботтар арнайы бағдарламаға жүктеліп, тапсырмалады мүлтіксіз орындайды екен. Мұндай жобаларды кез келген қала оқушылары да құрастыра алады. Мұндай робот жол бойындағы қоқысты да жинап көше тазалығын да атқара алады. Осындай роботтар арқылы қоқыс мәселесін шешуге де жол ашылар еді. Сондай-ақ, экологияны жақсарту жолдары да түбегейлі жаңа қарқынмен жүзеге асар еді.
Мына  суреттен Талдықорғандық оқушылардың жасаған  қоқыс жинайтын роботты көруге болады. Сынып жетекшісі Карменова Г.Н.


Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее