Қоқысты бөліп жинауды қалай үйретуге болады? » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

08
февраль
2021

Қоқысты бөліп жинауды қалай үйретуге болады?

Сынып оқушыларымен жүргізілген жұмыс нәтижесі
Алдын- ала 2 оқушы үй маңындағы қоқыс жәшігіне қалдық заттарды лақтырғандарды бақылап, сұрыпталған сұрыпталмағанын сұрағандағы жауаптарымен бөлісті.  
-    Қоқысты сұрыптап лақтырдыңыз ба? -    Жоқ.-    Қоқысты сұрыптап лақтыру бүгінгі қоғамда өзекті мәселеге айналып  отырғаны туралы білесіз бе?-    Үйдегі оқушы балалардан естідім, бірақ онша мән бермеппін. Енді өзіңнен алған кеңестен соң, сұрыптауды бастайтын боламын,- деп сөзін аяқтады орта жастағы әйел адам.Тағы бір баланы тоқтатқан екен, ол қағазды бөлек, тамақ қалдығын бөлек, қатты заттарды бөлек салатынын айтты. Бірақ арнайы контейнер қойылмағандықтан бәрі бір жерге салынады,- деді.
Енді біздің оқушылардың алдында үлкен міндет тұрды. Әр үйге хабарландыру жазып жапсыру керек.«Қоқысты бөліп жинау» туралы ақпаратпен құлақтандыру керек.Контейнері жоқ үйлердің КСК-на барып, түрлі -түсті аты жазылғанконтейнер қойдыртуға ықпал ету керек деп шешті. Өйткені бұл мәселе шешілмесе, қоқысты сұрыптап лақтырудың нәтижесі болмай қалуы ықтимал ғой.
Сынып жетекшісі  Карменова Галина Нұраждарқызы

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее