27
февраль
2021
Қалдықтан жасалған «TETRIS» ойыны
Компьютерлер мен компьютерлік ойындар пайда болғаннан бастап, балалар бөлмесінде ойналатын үстел үсті ойындары жоғалып кетті. Үстел үсті ойыны қиялды, тапқырлық пен байқампаздықты дамытады. Ойын барысында балалар білім алады, ой-өрісі кеңейеді. 1 «А» сынып оқушысы Жасуланов Жантөре барлық балаларға ұнайтын қызықты және қолжетімді «TETRIS» ойынын ұсынады. Оны кез-келген үйден табылатын жұмыртқа ыдысынан акварель бояумен бояп, жасап алуға болады. Ойынның мақсаты: есте сақтауды, қиялды дамыту, түсімен, пішінімен, көлемімен таныстыру, сонымен қатар сөйлеу тілінің дамуына ықпал ету, қолдың ұсақ бұлшықеттерін дамыту. Бұл ойынды үлкендер бірігіп ойнаса, баланың дамуына едәуір ықпал етер еді әрі тұрмыс қалдықтарын кәдеге жаратуға болады.