«Қағаз қалдықтарынан көбейту кестесін жасау»
Кіші мектеп оқушылары көркем еңбек сабақтарында түрлі – түсті және қатырма қағаздармен үнемді жұмыс жасауды көп біле бермейді. Әр жұмыстан қалған қағаз қалдықтарын қоқысқа тастамай, күнделікті өмірде қажетті пайдалы ойын түрін оқумен ұштастырған тиімді. 2 «А» сынып оқушысы Серікқан Жанель кестені жылдам және жеңіл ойда қалдыру үшін керексіз қатырма қағаздан өзіне ең қажетті ойын түрін ойлап, өзі сияқты құрбыларымен бөліскенді жөн көрді.
Көбейту кестесі математикадағы негізгі ұғым десек те болады. Бірақ балалар шексіз тізбектелген кестені жаттауға өздігінен ынталана бермейді. Сондықтан жеңіл тәсілдерін іздеуге тырысамыз. Соның бірі – «Көбейту кестесінің топтамалық ойыны». Бала қолына қима қағаздарды алады, ондағы жазылған көбейтуді тез арада айту керек. Дұрыс айтса, қима қағазды алып тастаймыз. Егер дұрыс болмаса, қолдағы топтамалар соңына қалдырамыз. «Қайталау білім анасы» - дегендей бала оған қайта айланып келеді. Бұл ойынды 2 бала бір- бірімен жарыса жылдам шешу үшін де ойнауға болады. Яғни 1 минутта қанша топтамаға жауап бергенін анықтауға болады. Қай баланың қолында бірінші бітіп қойса, сол жеңімпаз болады.
Ендеше, бұл ойын –балалар үшін таптырмас ойын әрі құрал. Қағаз қалдықтарының өзін осылайша ең маңызды кәдеге жаратудың өзі тапқырлық. Балаларымызды қағазды үнемді қолдануға және қалдықтарынан пайдалы құрал жасауды үйрете отырып, білім алуға тәрбиелесек – нұр үстіне нұр болмақ!
[media=https://youtu.be/W_jLfPznsqs]