Тұрмыс қалдықтарынан жасалған экосумка
Қазіргі таңда барша адамзат дүкеннен сатып алған заттарын полиэтилен пакеттермен алады. Ол үйге келген соң қажетсіз болып тұрмыс қалдықтары есебінде қоқысқа кетеді. Полиэтилен пакеттері көптеген жылдар бойына шіріндіге айналмай табиғатты ластайтын ең зиянды өнім. Осы пакеттер қоқыс полигондарында тау – таулап жатыр. Желді күндері тіпті ауада ұшып тіптен жердің бетін әбден ластайды. Осындай келеңсіз жағдайлар орын алмауы үшін мектебіміздің 2 «А» сынып оқушысы Қуат Әлижан өзінің апасы екеуі кимейтін киімдерден экосумка жасауды жөн көрді.
Күнделікті тұрмыста қолданылған заттардан басқа кимейтін киімдерді де, өңдеп тұрмыста қолданатын заттарға айналдырған жөн. Осы орайда Әлижан апасын көмекке шақырды. Отбасында кимейтін киімдерді қажетті кәдеге жаратып экосумка тікті. Экосумканы күнделікті азық – түлік алуға барғанда пайдалануға болады. Әлижан дайын болған сөмкелерін өзінің үй маңындағы көршілеріне сыйға тартып бөлісті.