"Алтын ұрпақ" интеллектуалдық ойыны » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » "Алтын ұрпақ" интеллектуалдық ойыны

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

28
март
2022

"Алтын ұрпақ" интеллектуалдық ойыны

Мектебімізде 2-сыныптар арасында "Алтын ұрпақ" интеллектуалдық ойнының кезекті айналымы өтті. Ойын оқушылардың өз бетінше ізденуіне, ойларын еркін жеткізе білуге, ойлау қабілетін, тілін дамыту мақсатына негізделген. Ойынға қатысушылар 3 топқа бөлініп, 6 кезең бойынша сайысты. Балалар ойынның әр кезеңдерінде ойларын жинақтап, игерген білімдерін қолдана білді. Әсіресе, "Тұлғаны тани біл" кезеңінде оқушылар образға еніп, ерекше қызығушылықпен орындады. Әр топ ойын арқылы өз белсенділіктерін таныта білді. Ойын соңында  жинаған ұпайлары есептеліп, жеңімпаз топтар анықталды. Мақтау қағаздарымен марапатталды.




Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее