«Алтын ұрпақ» интеллектуалдық ойын
Мектебімізде 3 – ші сыныптар арасында «Алтын ұрпақ» интеллектуалдық ойнының кезекті айналымы өтті. Ойында оқушылардың өз бетінше ізденуі, ойларын еркін жеткізуі, ой – өрісін дамыта отырып, білімдерін шыңдауда белсенділіктерін арттыру, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу мақсаты көзделген.«Зеректер», «Тапқырлар», «Білімділер», «Алғырлар» топтарыөздерін жалынды ұрандарымен таныстырды. Ойын төрт кезеңнен тұрды. 1 кезең – «Ұшқыр ой», 2 кезең – «Құпия сандық», 3 кезең – «Тездет, бірақ қателеспе!», 4 кезең – «Тапқыр болсаң, талас жоқ».
Балалар ойынның әр кезеңінде ойларын жинақтап, өздерінің игерген білімдерін қолдана білді. Берілген тапсырмалар қатысушылардың қызығушылықтарын оятып, өз топтары үшін жылдам және дұрыс жауап беруге тырысты. «Құпия сандық»кезеңінде берілген жұмбақтардың жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндешешу өте қызықты өтті. Әр пән бойынша игерген білімдерін жинақтай отырып, зияткерлік ойын арқылы өз белсенділіктерін таныта білді. Ойын соңында әр кезеңдегі жинаған ұпайлары есептеліп, жеңімпаз топтар анықталды, мақтау қағаздарымен марапатталды.









